22 тамыз 2023 19:10

Оралда спорт күні атап өтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіліп келеді. Осыған орай, Орал қаласында велошеру ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіліп келеді. Осыған орай, Орал қаласында велошеру ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай алаңынан бастау алып, ҚР Тұңғыш Президенті алаңында мәреге жеткен велошеруге 350-ге жуық велошабандоз қатысты. Олардың қатарында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен БҚО әкімі Нариман Төреғалиев те болды.

"Спорт еліміздің бәсекеге қабілетті спорттық державалардың қатарына кірудің басты шарты ретінде мемлекетіміздің негізгі стартегиялық ұстанымына, тәуелсіз еліміздің идеологиясына айналды", - деп атап өтті өңір басшысы.

Спорт күніне орай ұйымдастырылған спорттық іс-шараның нәтижесінде Байбатыровтар отбасы "Спорттық отбасы" аталымына ие болды. Сондай-ақ, 8 жастағы Әсет Живалбаев "Ең жас қатысушы" атанса, спорттық шараның "Жасы үлкен қатысушысы" Святослав Выдрин (77 жаста) болды. Үш аталым бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети