06 желтоқсан 2021 13:20

Парижде "Қазақ тілі сабақтары" фильмінің премьерасы өтеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі қазақстандық режиссер Ермек Шынарбаевтың "Қазақ тілі сабақтары" фильмінің әлемдік деңгейдегі премьерасы 10 желтоқсанда Парижде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі қазақстандық режиссер Ермек Шынарбаевтың "Қазақ тілі сабақтары" фильмінің әлемдік деңгейдегі премьерасы 10 желтоқсанда Парижде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрсетілім Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Festival Du Film Kazakhstanais аясында өтеді.

Мелодрама табысты Сабина (Зарина Ева) мен қазақ тілі мұғалімі Арман (Мұқағали Мырзамбетов) арасындағы махаббат оқиғасына құрылған. Сабинаға арналған тіл сабақтары махаббат сабағына айналады.

Басты рөлдегі актриса әрі модель Зарина Ева Голливуд актері Джонни Депп ойнайтын басқа фильмге арналған түсірілімде режиссермен танысқанын айтты. Ол кастингтен өте алмаған, бірақ кейін "Қазақ тілі сабақтары" фильміне Сабинаның рөлін ойнауға шақырған.

"Бұл - мен үшін ерекше жоба, жүрегіме өте жақын. Бұл алғашқы басты рөлім әрі продюсер ретіндегі бірінші жұмысым. Жобаның өзі махаббат, сезім туралы. Бәріміз махаббаттан құралғанбыз. Бәрінің бақытты болуға құқығы бар, бірақ қандай жолмен беріледі? Қазір жоба барысы мен түсірілімді ерекше сезіммен еске аламын. Қуанышты, көңілді сәттер көп болды. Бір қызығы, әр туындының өз жолы бар. Кім қалай жоспарласа да, әр фильмнің өз тағдыры мен тарихы бар. Пандемия болып, бұл туынды өз уақытын күтті. Енді көрерменге көрсетуге мүмкіндік бар", - деді актриса әрі продюсер Зарина Ева.

Картинаның түсірілімі 2019 жылдың қаңтарында Алматы облысында өтті. Оператор - Андрей Маслов, композитор - Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

"Бұл - өз елімізде тұрып, Сабина сияқты қазақ тілін білмейтініміз туралы фильм. Сондықтан ол Арманнан қазақ тілін үйренеді. Олардың арасында махаббат оты тұтанады. Қазақ тілі сабағы - махаббат сабағы. Арманның босанайын деп жүрген қалыңдығы болуы жағдайды қиындатады. Әркім өз таңдауын жасайды", - деді Зарина.

"Қазақ тілі сабақтары" фильмінен басқа, фестивальде "Сары мысық", "Конокрады", "Томирис" сияқты қазақстандық картиналар көрсетіледі, сондай-ақ, классиктердің ретроспективті көрсетілімдері өтеді.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети