Премьер-министр шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанармай тапшылығына жол бермеу үшін қажет шаралар қабылдауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанармай тапшылығына жол бермеу үшін қажет шаралар қабылдауды тапсырды Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атап айтқанда, энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің баяндамасы тыңдалды.

Оның мәліметінше, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Елдегі бензин, дизель және авиация отынының қоры 1 миллион тоннадан асады.

"Басым тәртіппен мұнай өнімдерімен автожанар-жағармай бекеттері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ отандық авиатасымалдаушылар қамтамасыз етіледі. Жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды. ЖЖМ өндірісіне, жөнелтілуіне және қорына тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп отыр", - делінген Үкімет хабарламасында.

Сондай-ақ, кеңесте Қазақстаннан мұнай өнімдерін заңсыз шығаруға жол бермеу шаралары талқыланды.

Қазір елде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автокөлікпен, сондай-ақ жеңіл дистилляттарды теміржол көлігімен Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығаруға тыйым салатын энергетика министрлігінің бұйрығы күшінде.

"Автокөліктердің мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу енгізілген", - деп атап өтілді Үкімет хабарламасында.

Бұдан бөлек, кеңес барысында ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді:

  • шекаралардағы бақылауды күшейту және отын тапшылығына жол бермеу мен ел қажеттілігін мүлтіксіз қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау;
  • ҰҚК Шекара қызметіне Қаржы министрлігімен және Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп – мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту, мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың барлық схемаларын анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз ету;
  • Энергетика министрлігіне – мұнай өнімдерінің өндірісі, қоры мен тұтыну теңгеріміне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдау бойынша дереу ұсыныстар енгізу.
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +25
Ақтөбе +25
Атырау +26
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +22
С
Семей +21
Т
Талдықорған +21
Тараз +25
Түркістан +20
О
Орал +18
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер