Сауда айналымы, энергетика және жаһандағы өзекті мәселелер - Ердоған Астанадағы келіссөздер туралы айтты

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда айналымы, энергетика және жаһандағы өзекті мәселелер - Ердоған Астанадағы келіссөздер туралы айтты Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық салада нығайып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық салада нығайып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында сөз сөйлеген Ердоған, тараптар кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмасқанын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенін растады.

"Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық. Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын", – деді Түркия көшбасшысы.

Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Түркия тарапынан сыртқы істер министрі Хакан Фидан, сауда министрі Болат Омер баяндама жасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Түркияға қазірдің өзінде 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алатынын айтқан болатын. Оның жалпы құны – 630 миллион доллардан асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.04   549.92   6.39 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер