22 қыркүйек 2022 12:58

Сенат спикері Әшімбаев көшіп келіп жатқан ресейліктер туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: t.me/uralskweek_kz, видео кадры фото: t.me/uralskweek_kz, видео кадры

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аз мөлшерде ресейліктер келіп, тұруға ықтиярхат сұрай алады. Егер ресейліктер келіп, кейін кеткісі келсе, біраз уақыт осында қандай да бір іспен айналысқысы келсе - ешқандай сұрақ туындамауы керек, біз шектеу қоя алмаймыз", - деді Мәулен Әшімбаев журналистер сұрағына жауап беріп.

Ол барлық көші-қон мәселесін тиісті заңдар реттейтінін баса айтты.

"Егер азамат Қазақстанның мемлекеттік органдарына келіп, тұруға ықтиярхат сұраса, онда дайындауы тиіс құжаттар тізімі бар. Бұл құжаттардың ішінде ол адам келген мемлекеттің келісімі туралы тармақ бар. Бұл біздің заңдарда анық жазылған. Егер мемлекет азаматқа кетуге рұқсат бермей, бірақ ол бір амалын тауып келсе, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды. Келісім - бұл кету парағы, оған қажетті қолдар қойылған және мөрлер болуы керек", - деді Сенат спикері.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланған болатын. Ресей билігі армияға 300 000 запастағы әскериді шақыруға ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети