Тегеран ядролық дауға қатысты келіссөздерге “толық дайын екенін“ мәлімдеді

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️NBC News ©️NBC News

Иран 2015 жылғыдай келіссөздер арқылы ядролық дауды реттеуге "толық дайын", бірақ дипломатияны қайта бастау үшін агрессия тоқтауы керек. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи NBC News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Иран 2015 жылғыдай келіссөздер арқылы ядролық дауды реттеуге "толық дайын", бірақ дипломатияны қайта бастау үшін агрессия тоқтауы керек. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи NBC News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Дипломатия бұрын да, болашақта да жұмыс істейді. Бірақ біз дипломатияға қайта оралу үшін агрессия тоқтауға тиіс", - деді Иран сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

"Біз 2015 жылғыдай келіссөздер арқылы мәселені шешуге толық дайынбыз", – деді Аракчи.

Оның айтуынша, Израиль "дипломатияға қарсы екені анық".

Сондай-ақ, Иран сыртқы істер министрі АҚШ-тың Израильдің Иранға жасаған шабуылына қатысуы "өте өкінішті әрі барша үшін өте қауіпті болатынын" айтты. Ол АҚШ бұл жанжалға ықпал ете алатынын жеткізді.

"Вашингтоннан Тель-Авивке бір ғана телефон қоңырау - осының бәріне нүкте қоюға жеткілікті", – деді дипломат.

Аракчи егер АҚШ Израильдің әскери операциясына қосылса, Тегеран аймақтағы америкалық әскери күштерге жауапты соққы беретінін ескертті.

"Соғыс кезінде тараптар бір-біріне шабуыл жасайды. Бұл - қалыпты жағдай. Өзін-өзі қорғау - әр елдің заңды құқығы", – деп түсіндірді министр.

13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарына және Ислам революциясы күзетшілер корпусының жоғарғы әскери басшылығы орналасқан қалаларға ауқымды соққы жасады.

Бұл шабуылдар салдарынан Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы, Ислам революциясы күзетшілер корпусының бас қолбасшысы, бірқатар жоғары шенді әскери қызметкер және ядролық зерттеулермен айналысқан ирандық мамандар қаза тапты.

Иран жауап ретінде зымырандар мен соққы жасайтын дрондар арқылы шабуыл жасап жатыр. Екі тараптан да тұрғын үй секторларына соққы тиіп, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар көбейіп келеді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің 21 маусымдағы мәліметіне сәйкес, Израильдің шабуылдарынан 430 бейбіт тұрғын қаза тауып, 3500 адам жарақат алған. Израиль тарапы ирандық шабуылдардан 20-дан астам адам қаза тауып, 1200-ден астамы жараланғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer