16 қараша 2021 09:22

Трамптың бұрынғы кеңесшісі қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі Стив Бэннон қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.


АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі Стив Бэннон қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, бұған дейін Бэннонға Конгрессті құрметтемегені үшін екі бап бойынша айып тағылған. Бірі сотқа келуден бас тартты деген айып болса, екіншісі 6 қаңтарда АҚШ Капитолийіне жасалған шабуылды тексеретін арнайы комитетке құжаттарды тапсырудан бас тартты деген айып.

Конгресті құрметтемеген адамға Әділет министрлігі бір жылға дейін бас бостандығынан айырады немесе 1000 долларға дейін (430 000 теңге) айыппұл салады.

Кейінірек АҚШ соты Бэннонды шектеу жағдайында қамаудан босатқан. Бэннонға апта сайын телефон арқылы тіркелуді бұйырды. Оның төлқұжаты алынады және ол Вашингтоннан тыс жерлерге саяхаттайтын болса билікке хабарлауы керек.

Стив Бэннон Трамптың аппарат басшысы, кейін Ақ үйде аға кеңесші және бас стратег болды. Әкімшіліктегі жұмысын 2017 жылдың тамыз айында аяқтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети