10 қыркүйек 2023 11:54

US Open: Қазақстандық Анна Данилина алғаш рет чемпион атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ktf.kz ktf.kz

Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі теннис федерациясына сілтеме жасап.


Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі теннис федерациясына сілтеме жасап.

Анна Данилина аралас жұптық сын финалында финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың бірінші ракеткасы, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3. Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында олар 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен турнир жеңімпазы атанды.

Марапаттау рәсімінде Анна Данилина қарсыластарын жақсы ойынмен құттықтап, серіктесіне ризашылығын білдіріп, жанкүйерлерге, турнирді ұйымдастырушыларға және өз командасына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

"Мен бүгін осында тұрған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа және бүкіл федерацияға Қазақстандағы теннисті қолдағаны және дамытқаны үшін алғыс айтқым келеді. Бұл керемет мүмкіндік және мен тарихта бірінші рет осы атаққа ие болғанымызға қуаныштымын!"- деді ол.

Болат Өтемұратов Анна Данилина еліміздің жұптағы ең үздік ойыншы екенін атады.

"Бұл Аннаның "Үлкен Дулыға" турниріндегі алғашқы жеңісі және қазақстандық теннистің кезекті жетістігі! Ол өткен жылы Australian Open финалында ойнап, өкінішке орай қарсыласынан жеңіліп қалған еді. Ал бүгінгі жарыста тәжірибесі, табандылығы мен ойындағы жоғары деңгейі оған финдік теннисші Харри Хелиеваарамен бірге миксте үздік болуға мүмкіндік берді. Аннаның шеберлігі артып келе жатқанын көруге болады. Оның әлі де көптеген жеңіс шыңын бағындыратынына сенемін!", - деді Болат Өтемұратов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети