02 шілде 2026 19:18

3 шілдеде Қазақстанда докторантуруға түсу үшін өтініш қабылдау басталады

Фото:depositphotos.com

3 шілдеде Қазақстанда докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш қабылдау басталады. Бұл науқан 3 тамызға дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4–20 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Tengri Education Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Бөлісу

3 шілдеде Қазақстанда докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш қабылдау басталады. Бұл науқан 3 тамызға дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4–20 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Tengri Education Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Докторантура емтиханына өтінішті қалай береді?

Түсу емтиханына қатысуға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болады.

Жарнама
Жарнама

Егер түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылатын 3 тамызға дейін өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда қолжетімді болады.

Докторантураға түсу емтиханына не кіреді?

Түсу емтиханына әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді.

"Түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды", - деп хабарлады министрлікте.

Қандай құжаттар қажет?

Докторантураға түсу үшін "Қазтест" жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат және В1 деңгейінен төмен емес шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ("Дене шынықтыру педагогтерін даярлау", "Музыка педагогтерін даярлау", "Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" және "Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" білім беру бағдарламаларының топтарын қоспағанда) ұсыну қажет.

TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

2026 жылдан бастап құжаттар тізбесіне:

  • ғылыми зерттеу жобасы (Research Proposal);
  • кейінгі 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (бар болған жағдайда);
  • зерттеу жүргізу жоспары;
  • эссе енгізілген.

DBA және индустриялық PhD-ге түсу ерекшеліктері

Сондай-ақ түсушілердің бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша, оның ішінде индустриялық PhD және DBA (Doctor of Business Administration) бағдарламалары бойынша докторантураға түсуге мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың белгілі бір деңгейі талап етілмейді. Сондай-ақ бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша түсушілер емтихан барысында эссе жазбайды.

"Ең жоғары көрсеткіш – 80 балл, оның ішінде әңгімелесуге – 25 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балл және кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хатына (болған жағдайда) – 5 балды құрайды. Шекті балл – кемінде 50 балл", - деп нақтылады министрлікте.

Бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығы білім беру гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау кестесін жариялаған болатын.

Пікірлерді оқу