28 мамыр 2014 16:54

Алматы театры нашақорлыққа тәуелділік жайлы аты шулы пьеса қоймақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актриса Ольга Макарова Актриса Ольга Макарова

Таяуда Алматы қаласындағы Diwel  жеке театрында  ресейлік драматург әрі режиссер Иван Вырыпаевтың "Түстер" ("Сны") атты нашақорлық туралы пьесасы қойылмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 


Таяуда Алматы қаласындағы Diwel  жеке театрында  ресейлік драматург әрі режиссер Иван Вырыпаевтың "Түстер" ("Сны") атты нашақорлық туралы пьесасы қойылмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Түстер" пьесасы – нашақорлық сандырақтың ерекше стенограммасы. Спектакль алты адамның түсінің негізінде жазылған. Алғаш рет 1999 жылы спектакльдің премьерасында Иван Вырыпаев журналистерге берген сұхбатында бұл қойылымды өзінің героинге тәуелді достарына арнағанын айтқан болатын. Нақтырақ айтқанда, ол өзінің ЖИТС (СПИД) ауруынан көз жұмған досына арнаған. Сол уақытта бұл спектакльді көрермен өте ауыр қабылдады, биліктегілер мұны азғындықты насихаттау деп айыптады. 

Аты шулы спектакльді Алматыда қою туралы идея режиссер Сергей Тейфельге тиесілі. Ол бұл қойылымды қоюда тұрған ештеңе жоқ дейді. "Мен "даулы", "кереғар" деген сөздерді түсіне бермеймін. Өйткені қазіргі заманда ештеңеге таңғалмаймыз. "Түстер" қойылымы Иван Вырыпаевтың біздің өмір сүріп жатқан заманымыз, осы қоғамдағы адамдар жайлы спектакльі. Мені алаңдататыны мен автор ретінде көрерменнің тілін таба алам ба? Міне, мәселе осында", дейді Тейфель. 

Қойылымдағы басты рөлдерді театр студенттері ойнайды. "Маған алғаш рет "Түстер" спектакліне қатысу туралы ұсыныс түскенде қатты қуандым, бірақ қорқынышым басымырақ болды. Қалай? Неге? Бұған тышқандар мен құстардың қатысы не деген ой келді. Көп нәрсені түсінуга тырысып ғаламтор арқылы Ресей драматургі Иван Вырыпаевтың шығармашылығымен таныса бастадым. Менің осы қойылымдағы кейіпкерімнің жан-дүниесін жеткізу классикалық театрларға қарағанда мүлде бөлек екен. Бұл спектакль көрермен жайлы, олардың ағынан жарылуы жайлы. Ең қиыны кейіпкердің күйін жаңашылдықпен жеткізе білуде болып отыр", - дейді актриса Ольга Макарова. 

Сондай-ақ актриса Юлия Кожоминаның айтуынша, ол өзінің рөлі үшін мінезін, әдеттерін, өмірлік көзқарасын өзгерткен. Ол нашақорлық туралы материалдарды біршама зерттегенін айтады. 

Премьера 11-14 маусым күндері Diwel театрында болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети