31 қазан 2020 | 17:14

Алматыда футбол алаңында әл-Фарабидің үлкен портреті жапырақтармен салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда күзгі жапырақтардың көмегімен ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің портреті салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда күзгі жапырақтардың көмегімен ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің портреті салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретті жасауға ҚазҰУ студенттері мен қала еріктілері қатысты. Ерекше портрет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің стадионында көрініс тапты.

"Әл-Фарабидің бейнесі мұнда кездейсоқ пайда болған жоқ. Университетке әлемде адамзаттың екінші ұстазы атанған ұлы философ және ғалымның есімі берілген. Биыл ЮНЕСКО шешімімен әл-Фарабидің 1150 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтілді. Ал жастар көркем туындысын мерейтойға арнады", - деді ЖОО өкілдері.

Университет басшылығы шығармашылық топқа күрделі көркемдеу процесін ұйымдастыруға көмектескен. Идеяны жүзеге асыруға екі күн таңертеңнен кешке дейінгі дайындық жұмыстары мен Алматы саябақтары мен скверлерінде жиналған бірнеше көлік жапырақ кетті.

ҚазҰУ стадионындағы әл-Фараби портретінің ұзындығы 76 метр, ені 66 метр. Ерекше шығармашылық флеш-моб қатысушылары бұл әлемдегі ұлы ойшылдың ең үлкен бейнесі дейді. Ал оны жасауға қазақ жерінде дүниеге келген әл-Фарабидің ортағасырлық еуропалық Ренессансқа бастау болған бай шығармашылық мұрасы шабыт берген", - деп қосты ЖОО-дағылар.

Ұлы ойшылдың портретін жапырақтарымен жас суретші Джохар Юнусов салған. Ол белгілі тұлғалардың, тарихи қайраткерлер мен замандастарымыздың суреттерін әртүрлі материалдан жасай алады. Оған қаланың түрлі жоғары оқу орнындағы жақтастары көмектеседі. Жақында ғана талантты жігіт үлкен автотұрақта Абайдың портретін сумен "салды", ол өз жұмысын қазақтың ұлы ақыны мен ағартушысының 175 жылдығына арнады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети