25 қараша 2016 12:49

"Астана Балет" театры желтоқсанда ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanaballet.com © astanaballet.com

10-11 желтоқсанда елордада "Астана Балет" театрының салтанатты ашылуы өтеді, оның құрылысы 2015 жылдың мамырында басталған болатын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


10-11 желтоқсанда елордада "Астана Балет" театрының салтанатты ашылуы өтеді, оның құрылысы 2015 жылдың мамырында басталған болатын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Нысанның жалпы ауданы 15 467 шаршы метрді құрайды, құрылыс жұмыстарына 400-ге жуық қазақстандық құрылысшы мен маман тартылған.

"Бұл - керемет заманауи кешен, мұнда дайындық жасауға, қойылым көрсетуге арналған үлкен залдар, кең және жарық гримдеу бөлмелері, спорт залы және тағы басқа бар", - дейді театр өкілдері.

"Астана Балет" Қазақ ұлттық хореография академиясының жанында орналасқан. Көрермен залының сыйымдылығы - 783 орын, соның ішінде партер - 609 орын, балконның 2-ші ярусы - 104 орын, балконның 3-ші ярусы - 70 орын. Дизайнерлердің ұсынған жобасы бойынша, алтын-қоңыр түсті шымылдық ілініп, орындықтар жауқазын түстес материалмен қапталған, ал еден - қоңыр түсті.

 

Сахнаның ауданы 536 шаршы метр құрайды. Сахнаны трансформациялау үшін қозғалмалы және көтеру-түсіру механикасының ең озық технологиялары пайдаланылды. Сахнада ең күрделі сценографиясы бар қойылымдар қоюға мүмкіндік бар. Театрда екі дайындық залы қарастырылған, олардың ауданы сахнаның ауданымен бірдей, бұл жаңа спектакльдерді қойған кезде өте ыңғайлы. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети