Әуезов театры директоры міндетін атқарушы тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© silkadv.com © silkadv.com

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры міндетін Жандарбек Садырбаев атқаратын болды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің өкілдері мәлімдеді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры міндетін Жандарбек Садырбаев атқаратын болды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің өкілдері мәлімдеді. 

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Біләлов Ерлан Әбділдаұлы 2018 жылдың 4 қаңтарында істің мән-жайы анықталғанша қызметінен шеттетілді. Шеттетілген уақытта міндетті директордың шығармашылық іс бойынша орынбасары Жандарбек Алайдарұлы атқарады", - делінген министрлік хабарламасында. 

Ал Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Қазақстан еңбек ері, ҚР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов оқиға жайлы өз пікірін білдірген еді. 

"Бүгін өнер саласындағы зиялылар, жазушылар, драматургтар, режиссерлар мен театр қызметкерлері жиналды. Біздің театрымызда болған оқиға - сүренсіз жағдай, бұл барлығымызды алаңдатады, себебі мұнда істеген жас директор, екі жарым жыл осы қызметте болды және осы уақыт ішінде біздің дамуымыз, гастрольдік сапарларға шығуымыз - ол барлығын да өзінің таза еңбегімен тапты. Мұндай жағдай орын алғанына жабырқаулымыз. Менің айтпағым, бұл істе оны ғана емес осыны ұйымдастырғандарды жазалау керек. Оның осынша қаражатты алғаны - дұрыс емес, ол жазасын алады. Біз қазір оның кім екенін, қандай адам екенін айтқымыз келеді, біз айтпасақ кім айтады? Кез келген адаммен осындай жағдай болуы мүмкін, меніңше, бұл кездейсоқтық. Осылай болды, адамның да сүрінетін кезі болады. Бір реттік жағдай - оның бүкіл ғұмырына сабақ болады. Келесіде ол образдарды шығару кезінде оған осы көмектеседі", - деген еді ол. 

Еске салайық, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләлов 1,5 миллион теңге парамен ұсталған еді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің мәліметінше, кінәсін толық мойындауына байланысты Ерлан Біләлов қамауға алынған жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer