25 маусым 2014 17:17

Әуезов театры журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі ©М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі

Бүгін М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы баспасөз күніне орай БАҚ өкілдерін арнайы шақырып құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы баспасөз күніне орай БАҚ өкілдерін арнайы шақырып құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БАҚ өкілдері театр ұжымының шағын концерттік бағдарламасын тамашалап, шынайы өнер иелерінің талантына тәнті болды. Театр ұжымының журналистерге арнайы бағдарламаға тыңғылықты әзірленгені анық байқалып тұрды. Тамаша кештен соң арнайы жайылған дастархан басында театр ұжымы мен БАҚ өкілдері өзара пікірлесіп, алдағы уақытта театр жұмысын жан-жақты дәріптеуге, соны жаңалықтарды көпшілікке жеткізіп отыруға уағдаласты.

"Бұқаралық ақпарат құралдары байтақ еліміздің бүкіл тыныс-тіршілігінің, мәдени-рухани өмірінің, оның ішінде, ұлттық театр өнерінің де шынайы жанашыры, жалынды жаршысы болып келеді. Өткен 2013 жылдың жаңа маусымынан күні бүгінге дейінгі арада өткен небары бір жылдың ішінде, бір ғана біздің Әкемтеатрдағы жағымды жаңалықтар мен жаңа қойылымдар туралы, актерлер мен режиссерлер туралы, жалпы, театрда тер төгіп жүрген түрлі шығармашылық қызметкерлер туралы, қосымша өткізіліп жатқан мерекелік кештер мен шаралар туралы республикалық түрлі мерзімді басылымдарда, Алматы және Астана қалалық газет-журналдарда 305 көлемді мақала мен сүбелі сұхбат жарияланып, жеті бірдей деректі фильмнің, 115 теле және радио бағдарламаның эфирден өтуі - осы сөзіміздің нақты дәлелі болары сөзсіз", - деді  М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.

"Театрымызда соңғы жылдары актерларды сахна қозғалысына, вокал, хор мен бидің қыр-сырына баулитын арнайы мамандар шақырылып, дәріс беріп жүр. Бүгінгі журналистерге арналған шағын концертте театр актерларды осы өнерлерін ортаға салды. Алдағы келе жатқан журналистер күні құтты болсын дейміз. Сіздердің жазарларыңыз таусылмасын. Театр өнерінің ең үлкен жанарышы - бұл әрине журналистер қауымы. Сондықтан да біз БАҚ өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс жасауымыз керек. Театр - от пен шоқтың арасындағы өнер ғой. Отқа жылынуға да болады, шоққа күйіп кетуің де мүмкін. Сондықтан біздің жақсы жақтарымызды көпшілікке жеткізіп, кемішіліктеріміз болса ақырын сынмен хеткізіп отырса құба-құп", - дейді театр актері Жасұлан Байсалбеков.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети