Бас-кондитер "Өскемен Аруы - 2021" атағын иеленді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 841 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

22 жастағы Алина Егорова "Өскемен Аруы - 2021" атағын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

22 жастағы Алина Егорова "Өскемен Аруы - 2021" атағын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол экономика және қаржы колледжін бітірген. Бас-кондитер болып жұмыс істейді, 5 жылдан бері тапсырыспен торт пісіреді. Сонымен қатар, әлемдегі ірі компанияларды жарнамалау бойынша өзгелерге үйретіп, өзі де сол салада жұмыс істейді.

 Ол табысты мансап құрып, бизнесін дамытқысы келеді.

"Мен үшін ең бастысы - өзіңді барынша жайлы сезіну және айналысып жатқан нәрсеңнен рахат алу, бұл сенің бақытты болуыңа себепші болады және бастаған ісіңе бір секунд та өкінбейсің. Ерте ме, кеш пе міндетті түрде орындалатын мақсаттар ғана бар", - деді ол.

Алина отбасының қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлікпен айналысатынын айтты.

"Анам да, әкем де - қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкер. Әжем - 40 жылдан астам тәжірибесі бар аспаз, атам өмір бойы ет комбинатында жұмыс істеді. Бәріміз өте "дәмді", бір-біріне жақын мамандықтарды таңдадық, отбасы деген осындай болады", - деді ол.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" - Екатерина Кужекешова, "Алматы Аруы" - Азиза Тоқашева, "Қарағанды Аруы" - Анна Глубоковская, "Астана Аруы" - Айдана Ахантаева, "Тараз Аруы" - Индира Маханова болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
21°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю