26 қазан 2021 | 12:05

"Астана Аруы - 2021" анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Астана Аруы - 2021" атағын 21 жастағы Айдана Ахантаева иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Астана Аруы - 2021" атағын 21 жастағы Айдана Ахантаева иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген, қазір елордада музыкалық студияларда фортепианодан сабақ береді.

Бос уақытында Айдана классикалық музыка тыңдап, шет тілдерін үйренгенді ұнатады.

Оның отбасында төрт адам бар: әкесі - қолөнерші, ағаштан қазақтың ұлттық ыдыстарын жасайды.

"Бала кезімнен бері әрқашан әкемнің жұмысын бақылап отыратын едім, сондықтан өнерді бойыма сіңіріп, шығармашылық атмосферада өстім. Сол кезде өмірімді шығармашылықпен байланыстырамын деп шешіп, музыка мектебіне бардым. Әкеме өнерге деген сүйіспеншілігімді арттырғаны үшін өте ризамын. Әпкем екеумізді махаббат пен мейірімге бөлеп, тәрбиелеген анама ерекше алғыс айтамын. Ол бізді әрқашан үлкенді құрметтеуге, басқаларға мейірімді болуға үйретті", - деді ол.

"Қазақстан Аруы" байқауы сұлулық саласында ғана емес, шығармашылық жағынан да өз-өзіңді дамытуға мүмкіндік береді. Көпбалалы отбасынан шыққан дарынды балаларға арналған тегін орталық ашқым келеді", - деп атап өтті ол.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" - Екатерина Кужекешова, "Алматы Аруы" - Азиза Тоқашева, "Қарағанды Аруы" Анна Глубоковская болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer