Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды

22 Тамыз 2014, 14:21
0
Ескерткіш тақта Бөгенбай батыр көшесіндегі үйге орнатылды. ©Роза Есенқұлова
Ескерткіш тақта Бөгенбай батыр көшесіндегі үйге орнатылды. ©Роза Есенқұлова
КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова. ©Роза Есенқұлова
КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова. ©Роза Есенқұлова
Әншінің ұлы Байғали Серкебаев. ©Роза Есенқұлова
Әншінің ұлы Байғали Серкебаев. ©Роза Есенқұлова
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. ©Роза Есенқұлова
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. ©Роза Есенқұлова
Скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева. ©Роза Есенқұлова
Скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева. ©Роза Есенқұлова
Халық әртісінің жесірі Әлфия Байжанова. ©Роза Есенқұлова
Халық әртісінің жесірі Әлфия Байжанова. ©Роза Есенқұлова
©Роза Есенқұлова
©Роза Есенқұлова
©Роза Есенқұлова
©Роза Есенқұлова

Алматыда КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевқа мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, әртістің зайыбы, ұлы, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Опера әншісі Ермек Серкебаев 2013 жылы дүние салған болатын.

"Бұл үй (Бөгенбай батыр және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан - Авт.) ескерткіш тақта орнатуға әдейі таңдалды, біз ұзақ ойланып, кеңестік. Бұл жерде оның бүкіл ғұмыры өтті. Осы жерде "Қазақ радиосы" болды, Ермек онда диктор болды, кейін консерваторияны тәмамдады. Опера театрында жұмыс істеді. Бұл үйде Байғали дүниеге келді, оның да жастығы осында өтті. Ермекке деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін бәріңізге рақмет, сол құрметке қарап, Ермек өмірден өтпеген сияқты күйде боламыз. Ол бізбен бірге бола бермек", - деді әртістің жесірі Әлфия Байжанова.

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова Ермек Серкебаевты қазақ мәдениетінің шетелдердегі елшісі санайтынын айтты. "Екеуіміз бір сахнада көп жыл жұмыс істедік. Ол әрқашан өзінің кемеңгерлігін көрсете білді", - деді ол. Мәдениет қайраткерлері Серкебаевтың қазақ елінің мәдениеті мен өнерін халықаралық деңгейге шығарған алғашқы адам екенін еске салды.

Ермек Серкебаев - операның көрнекті өкілі, педагог. Халық әртісі - Қазақ КСР және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының иегері, Социалистік Еңбек Ері. Ол 2013 жылдың 16 қарашасында Алматыда ұзаққа созылған дертінен соң өмірден өтті. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай