03 қыркүйек 2019 16:16

Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай жаңа спектакль қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылдың 5-6 қыркүйегінде сағат 19:00-де Алматы қаласында, М.Әуезов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Фариза" спектаклінің премьерасы қойылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


2019 жылдың 5-6 қыркүйегінде сағат 19:00-де Алматы қаласында, М.Әуезов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Фариза" спектаклінің премьерасы қойылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай "A+A Idea Fabric" продюсерлік орталығы "Фариза" спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынады. Идея авторы және спетакльдің бас продюсері, мұнан өзге де көптеген тың жобаларды (XXVIII Халықаралық қысқы Универсиаданың (Алматы - 2017) ашылу және жабылу салтанатын, "Наурыз" халық мерекесіне арналған "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел!" мюзиклін (2018), Жыл сайын өтетін "Star of Asia" (2017-2019) халықаралық музыка фестивалі т.б) дүниеге әкелген компания жетекшісі Айнұр Көпбасарова.

"А+А Idea Fabric" шығармашылық тобының спектакль қоюдағы мақсаты - елімізге танымал тұлғаларды терең таныту, қоғамды әдеби-мәдени тұрғыда байыту, жастардың интелектуалдық белсенділігін дамыту, театр сахнасына көрерменнің қызығушылығын арттыру.

Шыншыл да сыршыл өлеңдерімен жұрттың жүрегіне жол тапқан, адалдығы мен ақындығы тең түсетін, қайсар да қайталанбас талант иесі - Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңі туралы пьесаны "A+A Idea Fabric" продюсерлік орталығының тапсырысымен драматург Роза Мұқанова жазып шықты.

Креативті  шығармашылық топтың дайындаған спектаклінің ерекшелігі: - көрерменді сахнаға тарту әдістері; заманауи технологиялық құрылғылар көмегімен дайындалған видеоконтент; дыбыс арқылы әсерлеу; образға сай декорация;  сахна көңіл-күйіне сәйкес арнайы жазылған музыка, саундтрек; әртістердің киім үлгісінің талғаммен тігілуі.

Пьеса қазақ тілінде қойылады, орыс тіліне ілеспе аударма жасалады. Бас продюсер және идея авторы - Айнұр Көпбасарова. Пьесаның авторы - Роза Мұқанова. Композиторы - Ренат Гайсин. Режиссері - Фархат Молдағали.

Басты рөлдерде: "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, театр және кино актерлері Қуандық Қыстықбаев, Лейла Бекназар-Ханинга және Ерлан Кәрібаев.

Спектакль бойынша жұмыс істегендер: Шара Айдарова, Шынар Омарова, Қуаныш Орынбасаров, Айжан Құрманғалиева, Владимир Кошевой, Сандуғаш Әбдиева, Мәдина Баймағамбаева, Ақсұңқар Жарылқасова, Рауан Қайруллаева, Жұлдыз Қайыпова.

A+A Idea Fabric продюсерлік орталығы - "Kazakhstan қонақжай үй" XXII қысқы Олимпиада ойындарының" (Сочи -2014) салтанатты ашылуы мен безендірілуін, Париждегі Алматы қаласының мәдениеті күндерін (2016), 28-ші Халықаралық қысқы Универсиаданың (Алматы - 2017) ашылу және жабылу салтанатын, "Наурыз" халық мерекесіне арналған "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел!" мюзиклін (2018), Жыл сайын өтетін "Star of Asia"  (2017-2019) Халықаралық Музыка Фестивалін және тағы басқа көптеген шараларды ұйымдастырып,  өткізген. Билеттерді М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының кассаларынан сатып алуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети