19 қыркүйек 2022 16:35

Қазақстан Әнұранын орындаған Димаш Құдайберген шетелдіктерді тәнті етті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Шетелдік БАҚ пен шетелдік көрермен Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес жекпе-жегіндегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін назардан тыс қалдырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шетелдік БАҚ пен шетелдік көрермен Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес жекпе-жегіндегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін назардан тыс қалдырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті және 12 раундқа созылды. Шетелдік көрермен мен Желі қолданушылары Димаштың орындауындағы Қазақстан Әнұранына тәнті болып, оның өнерінен кейінгі әсерлерін бөлісті.

Мексикалық TUDN порталы "Канело - GGG: Қазақстан Әнұранын кім шырқады" деген мақала жариялады. Мақала авторлары қазақстандық әншінің өнерінен кейін, Twitter желісінде мексикалықтар арасында жаңа тренд пайда болғанын атап өтті. Портал мексикалық желі қолданушылары Димаштың өнеріне тәнті болғанын атап өтті.

Испанияның белгілі Marca спорт басылымы "Димаш Құдайберген Қазақстан Әнұранын әсерлі орындап шықты" деген мақала жариялады. Олар әншінің дауысы аренаға жиналғандардың бәрін таңғалдырғанын атап өтті. Портал ән орындалған соң бәрі өнер иесіне ду қол шапалақ ұрғанын жазады.

Тағы бір мексикалық портал - AS México да қазақстандық әншінің жарқын өнерін атап өтіп, оның шығармашылығын қысқаша өмірбаянымен таныстырып өткен.

Mexico ES Euro News порталы Димаш Құдайберген Әнұранды орындап, барша көрерменді таңғалдырды деп жазады. Мақала авторлары әншінің ерекше дауыс тембрімен танылып, түрлі вокалдық байқауларға қатысқанын атап өтті. Мақала соңында Қазақстан Әнұранының испан тіліне аудармасы ұсынылған.

ESPN Knockout спорт порталы Twitter-парақшасында Әнұран орындап жатқан әншінің суретін жариялаған.

SportsCenter спорт порталы да қазақстандық өнерпаздың өнерін назардан тыс қалдырмады.

Айта кетейік, қазақстандық әншінің өнерін Желі қолданушылары да қызу талқылап, Twitter-де өз реакциясын қалдырып жатыр. Сонымен, аргентиналық қолданушылардың бірі Димаштың өнеріне қатысты былай деп пікір білдірген.

"Керемет, таңғаларлық, сиқырлы. Ол әлемдегі ең жақсы әнші!!!! Димашқа бола Аргентинадан жекпе-жекті көрдім және соның арқасында GGG чемпионымен таныстым", - дейді қолданушы.

"Канелоның жекпе-жегін көруге барып, қазақ әншісіне тәнті болдым! Мен мұндай керемет дауысты естіген емеспін!" – деді мексикалық қолданушылардың бірі.

Әншінің Коста-Рикадан келген жанкүйерлері де оның өнерін назардан тыс қалдырған жоқ. "Димаш, біз сені жақсы көреміз" делінген олардың жазбасында.

Димаш Құдайберген – әнші, композитор және мультиаспапшы. Бүкіл әлемге қазақстандық әнші ретінде танымал. Ол қытайлық I am Singer музыкалық байқауына қатысқаннан кейін кеңінен танымал болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети