Қызылордада "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты өнер фестивалі өтті

22 Қыркүйек, 14:28
0
Қызылордада "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты өнер фестивалі өтті -

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында халықаралық "ТҮРКСОЙ" ұйымы бірлесіп түркітілдес елдердің ұлттық фольклорлық музыкалық өнерін дәріптеу, мәдени байланысты нығайту мақсатында 2019 жылғы 20-21 қыркүйек күндері "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі және "Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі рөлі" атты ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Елбасының қолдауымен алғаш рет 2006 жылы бастау алған фестиваль биылғы жылы бесінші мәрте өткізілді.

Биылға фестивальге Түркия, Иран, Әзірбайжан, Сербия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Саха республикаларынан және еліміздің әр өңірінен белгілі ғалымдар мен өнер иелері, шығармашылық ұжымдар қатысты.

19 қыркүйекте фестиваль қонақтары облыстық тарихи-өлкетану музейімен, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан  Қала тарихы музейі және "Рухани жаңғыру" орталығымен танысып, кешке А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде "Тұран түркі есігі, Қорқыт жырдың бесігі" атты Сыр бойы халқына концертін ұсынды.

20 қыркүйекте "Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі ролі" тақырыбындағы халықаралық деңгейдегі конференцияда облыс әкімі Қ.Ысқақов былай деді: "Барша түркі әлемінің рухани тәлімгерінің шығармаларын сақтап  қана қоймай, оны болашақ ұрпаққа  жеткізіп,  ұлы бабамыздың мұрасын насихаттау - аса маңызды екенін атап өтіп,  шетелдік, отандық ғалымдар мен қонақтарға  Сыр жұртшылығы атынан алғыс білдірді".

Сондай-ақ, жиында  Халықаралық  ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының орынбасары, доцент, филология ғылымдарының докторы Чакыджы Билял  мырза сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі Тіл саясаты комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мырзабекова Айнұр  Аюпқызы министр Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хатын оқыды.

Конференцияда ғалымдар түркі әлеміне ортақ ойшыл Қорқыт баба жайында тың деректерді ортаға салып, баяндамалары тыңдалды.

Шара барысында  үш тілде жарық көрген, тарих ғылымдарының кандидаты, аймақтық өңірлік "Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысы Серікбай Қосановтың "Қорқыт атаның  даналық сөздері" атты кітабының тұсау кесіліп, ғалымдарға таратылды.

Сонымен қатар, фестиваль аясында  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазанғап атындағы музыкалық колледжі, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, Қызылорда облыстық филормониясында алыс-жақын шетелдерден келген және қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Фестивальдің ашылу салтанаты "Достық үйі" алаңында, қорытынды жабылу шарасы Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата ескерткіш кешенінде өткізілді.

Кешенде Сыр елі қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі, "Алтыбақан" жастар ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.      

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай