Медициналық колледж студенті "Шымкент Аруы - 2021" атанды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медициналық колледж студенті "Шымкент Аруы - 2021" атанды

Шұғыла Жақсыбекова "Шымкент Аруы - 2021" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шұғыла Жақсыбекова "Шымкент Аруы - 2021" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 жастағы медициналық колледж студенті модель болып жұмыс істейді. Сән әлемін жақсы көретін ару осы бағытта өзін дамытқысы келеді. Қазір өз қаласындағы сұлулық салонында жұмыс істейді.

 "Менің сіңлім бар, оны кішкентай кезінен бері қараймын. Оның жауапкершілігі менің мойнымда болды, сондықтан ерте есейдім. Мен сіңлімді қатты жақсы көремін", - деді Шұғыла.

Ол жақында Face of Kazakhstan - 2021 байқауында жеңімпаз атанып, Оңтүстік Кореяда Қазақстанды таныстыру мүмкіндігін алды. 

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" - Екатерина Кужекешова, "Алматы Аруы" - Азиза Тоқашева, "Қарағанды Аруы" Анна Глубоковская болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети