Мемлекеттік хатшы "Абылай ханның арманын" тамашалайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Абылай ханның арманы" атты тарихи драманы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бастаған бір топ лауазым иесі тамашалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қойылым Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 7 ақпан күні сағат 18.00-де өтеді, бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Абылай ханның арманы" атты тарихи драманы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бастаған бір топ лауазым иесі тамашалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қойылым Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 7 ақпан күні сағат 18.00-де өтеді, бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл тарихи драма аздаған өңдеуден өтіп, көрерменге қайта ұсынылады. Авторы - белгілі жазушы, журналист, зерттеуші, драматург Думан Рамазан, режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

"Бұл Рамазан мен Ұзақов шығармашылығындағы екінші тарихи туынды болмақ. Бұған дейін 2010 жылы драматург пен режиссер үндестігінде "Кенесары - Күнімжан" атты тарихи драма дүниеге келіп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің сұранысына ие қойылымның бірі болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Абылай ханның арманы" атты тарихи драма Абылай ханның жоңғар тұтқынына түскен кезінен басталады. Абылай ханның қазақ халқын қиындықтардан қалай аман-есен алып шыққаны баяндалады. Бұл шығармада ұлы ханның көшбасшылық қасиетімен бірге, адами болмысы, қайраткерлігі, саясаткерлігі, парасаттылығы мен ержүрек батырлығы жан-жақты ашып көрсетіледі. Абылай ханның ролінде "Қасым" фильмінде Қазақстанның халық қаһарманы Қасым Қайсеновті, Еркін Жуасбектің "Терең тамырлар" аллегориялық драмасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған актер Қуандық Қыстықбаев ойнайды. 

Еске салайық, бұған дейін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы мерейтойлық даталарды – Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы баяндағаны хабарланған еді. Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer