20 мамыр 2018 13:21

Мұхамедиұлы Самал Еслямованы құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Самал Еслямованы 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Самал Еслямованы 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"71-нші Канн кинофестивалінің халықаралық қазылар алқасы үздік әйел ролі сыйлығын Қазақстанның тумасы, актриса Самал Еслямоваға берді.

Самал ГИТИС-та оқыған және оның бірінші рет түскен фильмі Сергей Дворцевойға сәттілік алып келді - оның "Тюльпан" атты картинасы 2008 жылы Қазақстанның қатысуымен, ОҚО Бетпақдалада түсірілді, ол Канн кинофестивалі бағдарламасының маңызы жағынан екінші саналатын "Ерекше көзқарас" Гран-приін жеңіп алды.

Тура 10 жыл өткенде Дворцевой мен Еслямова "Айка" жұмысымен тағы бір сәттілікке жетті, ол фильмді бес кино компания түсірген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары. Бұл шығармашыл тандемді құттықтаймын! Сіздерге сәттілік және жаңа жеңістер тілеймін!", - делінген құттықтаудың мәтінінде.

Еске сала кетейік, қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған. "Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети