01 сәуір 2015 18:02

Мүсірепов атындағы театрда Тахауи Ахтановтың "Ант" спектаклі қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Театрдың баспасөз қызметі ©Театрдың баспасөз қызметі

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жазушы-драматург Тахауи Ахтановтың "Ант" спектаклі қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сахналық туындыда қазақ елінің тағдыры үшін күрескен ерлердің ерліктері, ойраттарды ойсырата жеңген «Ақтабан шұбырынды» және Ресейге қосылу кезеңдері оқиға өзегіне арқау болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің өкілдері спектакльдің қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегері Жанат Хаджиев екенін айтып отыр, ал композиторы - ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Елгезеков. Жазушы-драматург Тахауи Ахтановтың "Ант" пьесасы 1973 жылы жазылған.

Айта кетейік, "Ант" драмалық дастаны 2015 жылдың 2-3 сәуір күндері сағат 18.30-да қойылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети