Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығын артық шығынсыз өткізуді тапсырды

03 Тамыз 2015, 19:34
2
© Fkorda.kz
© Fkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығын артық шығынсыз атап өтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрімен Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындық барысын талқылай отырып, Қазақстан Президенті мерейтойды қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайда артық шығынсыз, бірақ халық жадында қалатындай сапалы өткізу керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев мерейтойлық шараның басты мақсаты барша қазақстандықтардың патриотизмін нығайту және олардың рухани тұрғыдан өсіп-жетілуін қамтамасыз ету болып саналатынын атап өтті. Мемлекет басшысы мерекелік шараларды даярлау барысында негізгі салмақ Мәдениет және спорт министрлігіне түсетінін айтты.

Мәдениет және спорт министрі өз кезегінде мерекелік шаралар Астанада және Таразда өтетінін мәлімдеді.

"Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу қазақ халқының біртектілігі мен бірлігін нығайту үшін өте маңызды. Біз бірінші кезекте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуге көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, қазіргі кезде Таразда этнографиялық музей және орталық салынуда. Маңызды археологиялық жұмыстар жүргізілуде", - деді министр Мұхамедиұлы.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге "100 нақты қадам" ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жоспарын талқылады.

"Осы жылдар ішінде Мемлекет тарихы институты құрылды, көптеген ғалымдарымыз тарихи материалдар іздеп табу және оларды жан-жақты зерделеу үшін шетелдерге шықты. Ел болу үшін, сондай-ақ жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу үшін бізге Қазақстанның шынайы тарихы керек", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай