ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2021 | 17:04
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі "Көкшетау Аруы - 2021" атанды
26 жастағы Әйгерім Әутәліпова 2021 жылғы Көкшетау аруы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
26 жастағы Әйгерім Әутәліпова 2021 жылғы Көкшетау аруы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйгерім Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша бітірген. Қазір ол өзін-өзі тану мұғалімі болып жұмыс істейді және SMM-менеджері.
Әйгерім тамақ дайындағанды, кітап оқығанды және достарымен уақыт өткізгенді жақсы көреді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
"Отбасында бес адамбыз. Анам, ағам, жеңгем, жиенім және мен. Әкем 5 жыл бұрын қайтыс болды. Тату отбасымыз, анам немере тәрбиесінде, ағам құрылыс компаниясында, ал жеңгем емханада жұмыс істейді", - деді қыз.
Алғаш рет байқау онлайн өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көреді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізеді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасы отырысын және қатысушылар сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.
Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" Екатерина Кужекешова болған еді. "Алматы Аруы - 2021" - Азиза Токашова, "Қарағанды Аруы - 2021" - Анна Глубоковская, "Шымкент Аруы - 2021" Шұғыла Жақсыбекова мен "Семей Аруы - 2021" Регина Крюкова болды. Гандболдан Қазақстан чемпионы "Қостанай Аруы - 2021" атанса, 17 жастағы Айсұлу Сағындықова 2021 жылғы Қызылорда аруы болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также