10 қараша 2018 | 16:12

"Шабыт" фестивалінің жеңімпаздары анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ХХІ "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Президент кубогы гобоишы Ислам Әлиевке бұйырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ХХІ "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Президент кубогы гобоишы Ислам Әлиевке бұйырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Биылғы фестивальдің жеңімпазы "Классикалық музыка: ағаш үрмелі аспаптар" номинациясында да Гран-при алды.

"Классикалық музыка" номинациясында қатысушылар ағаш және мыс үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар және камералық ансамбльдер сияқты 4 секцияда бақ таластырды.

Мейіржан Кеңесбаев, Айя Ғаббасова, Леонид Мысовский, Бағжан Есіркеп енген квартет үздік камералық ансамбль (Гран-при) деп танылды. Бұл ішкі номинацияда SARDOR ішекті аспаптар квартеті бірінші орын алды.

"Классикалық музыка: мыс үрмелі аспаптар" секциясында Азат Әбілқасымов топ жарды. Ағаш аспаптарда ойнауда Тілек Дәуітқан мен Владимир Ардашев көш бастады. "Соқпалы аспапта" Арыстан Әбілдин Гран-при иеленсе, бірінші орында - Худойберган Бахромов.

Биыл "Халық музыкасы" номинациясы "қобыз", "прима-қобыз", "домра-прима, шертер, бас-шертер" сияқты үш секциядан құралды.

Байқау қорытындысы бойынша Шолпан Шарапатова үздік қобызшы атанып, гран-приді қанжығасына байласа, бірінші жүлде Мәдина Тілеубаеваның еншісінде.

"Домра-прима, шертер, бас-шертер" категориясында Әділхан Годжанов гран-при иегері болды. Баян Мұрзабекова (шертер) және Қазаннан келген қатысушы Вера Ледянина (домра-прима) бірінші орынды өзара бөлісті.

"Прима-қобыз" номинациясында қазылар алқасы Айым Мейірханованың өнеріне жоғары бағасын берді, ал бірінші орын Аида Әбдуғалиге бұйырды.

Фестивальдің үздік вокалисті - астаналық Ахмет Сұлтан болса, "эстрадалық вокал" номинациясында түркістандық Ерік Төленов жеңіске жетті. "Хореография" номинациясында Гран-при қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен елордалық "Наз" би театрына берілді. Бірінші орынды петропавлдық "Мәңгілік" ансамблі мен жергілікті "Шалқыма" би ансамблінің артисі Айсұлу Мұратқалиева бөлісті.

Фестивальде көптен бері болмаған "Журналистика" номинациясында гран-при "Қазақстан" телеарнасының журналисті Нартай Сәрсенғалиевке бұйырды. Бірінші орын алған үздік телевизиялық сюжеттің авторы - Лаура Байбатчанов (Хабар). "Программалық сюжеттер және деректі фильмдер" ішкі номинациясында Лимара Удасова алтынды еншіледі. Egemen.kz тілшісі Назерке Жұмабайдың еңбегі "интернет ресурстар" секциясында үздік деп танылды. Шерхан Мұртаза атындағы арнайы сыйлықты қазылар алқасы аikyn.kz қызметкері Динара Тілеубекке табыстады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer