"Тараз Аруы - 2021" анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тараз Аруы - 2021" анықталды

23 жастағы Индира Маханова "Тараз Аруы - 2021" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 жастағы Индира Маханова "Тараз Аруы - 2021" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақ ұлттық аграрлық университетін "агрохимия және топырақтану" мамандығы бойынша бітірген. Қазір "Тұран" университетінде экономика және бизнес магистрі.

"Ата-анамның үмітін ақтап, қайырымдылық қорын ашқым келеді. Сондай-ақ, саяхаттау үшін бірнеше тіл үйреніп жүрмін", - деді Индира.

Ол кроссфитпен белсенді түрде айналысады, детектив жанрын оқығанды, сурет салғанды ұнатады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, қазір испан тілін үйреніп жүр.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" - Екатерина Кужекешова, "Алматы Аруы" - Азиза Тоқашева, "Қарағанды Аруы" - Анна Глубоковская, "Астана Аруы" - Айдана Ахантаева болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети