Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Алған адам емес, бере білген адам – бақытты...

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Алған адам емес, бере білген адам – бақытты... ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

"Жаңа жыл қарсаңында ағам маған судай жаңа көлік сыйлады. Кеңседен шықсам, машинамды айналсоқтап бір бала тамашалап жүр екен. "Бұл сіздің көлігіңіз бе?" деп сұраған балаға: "Иә, менікі. Оны маған ағам сыйлады" деп мақтанышпен жауап бердім.

Көздері жайнап кеткен бала: "Шіркін, сіздің..." дей бергенде ақ, оның ойын бірден ұқтым. Ол да "көлік сыйлайтын бай ағам болса" деп армандап тұрған шығар. Бірақ бала: "Шіркін, сіздің ағаңыздың орнында болсам ғой" деп, мен күтпеген сөзді айтты. Баланың ниетіне риза болып кеттім де, көлігіммен қыдырып қайтуға шақырдым. Сәл жүргеннен кейін бала қуанышты дауыспен: "Аға, кешіріңіз. Менің үйімнің алдына тоқтай аласыз ба?" деп өтінді. Үйіне әдемі көлікпен келгенін көрсетіп, көршілеріне мақтанғысы келіп тұрған шығар деген оймен тоқтай қалдым. Бірақ тағы қателесіппін... Үйіне жүгіріп кіріп кеткен бала бір кезде кішкентай мүгедек інісін арқалап шығып, көлікті нұсқап: "Көрдің бе? Бәрі де жаңа саған айтқанымдай. Бұл көлікті мына кісіге ағасы сыйлапты. Мен де күндердің бір күнінде міндетті түрде, саған осындай машина сыйлаймын.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...




Join Telegram