Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Қоразымды қамап тастасам, жарықсыз қаласың ғой, сорлы-ау!

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Қоразымды қамап тастасам, жарықсыз қаласың ғой, сорлы-ау! ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

  Сәрсенбай түскі тамағын ішіп алғаннан кейін қора жаққа барды. Малдың қиын күреп тастайын деп бір оқталды да артынша «сәл шыдасам балалар да келеді ғой, өздері күрер», - деп отыра кетті.
Күректі қораға сүйеп қойды да қалтасынан бір тал темекі алып тұтатты. Сол аралықта анау қоршаудың сынығынан көрші Жүнісқанның төрт тауығы мұның ауласына қарай өтті. Сабан жақтағы шашылған дәндерді теріп жеп жүрді. Бір кезде мұның қоразы Жүкеңнің тауықтарын қуып берді. Тауықтар да қашудың ырымын жасағанымен, онша бір барын салмады. Талтаңдаған тауықтың үстінен «аттап өткен» қу құраз рахаттанып тұрып бір сілкініп алды да жөніне кетті.

Жүнісқанда төрт тауық бар. Бірақ қораз жоқ. Сол неменің тауықтарына жем шашып жатқанын да көрген ешкім жоқ. Бірақ тауықтары күнде туады. Қораз жоқ... Жем шашпайды... Бірақ туады. Тауықтар күні бойы мұның үй жағында жүреді де туар кезде өз қораларына қарай тайып тұрады. Сәрсенбай темекісін шертіп жіберді де Жүнісқан екеуінің үйінің ортасын бөліп тұрған қоршауға жақындады. Жүкең де мал жайғап жүр екен. Сәкең бірден:

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар




Join Telegram