Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Мен Жер реформасы жөніндегі комиссияға неге кірдім?

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Мен Жер реформасы жөніндегі комиссияға неге кірдім? ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

КОМИССИЯҒА НЕГЕ КІРДІМ
Комиссия мүшесі болуға келісімімді бердім. Бұл азаматтық ұстанымым. Себебі Жер кодексінің кейбір баптарымен және тұжырымдамалық негіздеріне келіспеймін. Шикілігі өте көп. Сол себептен азаматтардың алаңдауы орынды деп есептеймін. Жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге ғана емес, жалпы ауыл шаруашылығын дамыту үшін тек сыртқы инвестициаларға сеніп отыруға басымдылық жасалғанына қарсымын.

ЖЕР РЕФОРМАСЫНЫҢ ҚАНДАЙ КЕМШІЛІГІ БАР
Осы уақытқа дейін жерді жекеге "таратуда" сыбайластық жемқорлық өте көп, оның алдын алмай жаңадан реформаны бастауға болмайды. Кім, қанша көлемде жерді егеленіп отыр? Латифундистердің аттары, қызметтері. Кім оларға осындай көлемде жер алуға рұқсат берді, неге игерілмеген жерлерді қайтаруға әкімшіліктер заңды әрекет жасамады?

ҚАНДАЙ АҚПАРАТ ЖЕТКІЛІКСІЗ
Жалпы ашық ақпарат өте аз. Кодекс дайындар кезде бірнеше ғылыми институт өз сараптамаларын жасады, ол үшін ақшасын алды. Олар келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс еді:
- бұл реформа неге керек?
- іске асса қанша инвестиция тартылады?
- қанша жұмыс орны ашылады?
- біздің азаматтар қанша жер иеленеді?
- қандай өнімдер қанша көлемде өндіріледі?
- қанша азамат ауылға көшіп барды, қанша шақырым жол жөнделеді, су-газ тартылады?
- қанша маман қайта даярланады?
- қанша ғылыми ізденістер, жаңа технологиялар іске асырылады?
Бұл ақпаратқа сүйенбей халықты реформаға жұмылдыру мүмкін емес. Ал көпшілік Жер реформасын қолдамаса онда ол оң нәтижесін бермейді.

ҚАНДАЙ ҰСЫНЫСТАР АЙТАР ЕДІМ
Жер реформасын іске асыруда негізінен өз азаматтарымыздың қолдауына, өз кәсіпкерлеріміздің іскерлігіне және өз ішкі инвестициямызға сүйену керек.
Шет елден инвестиция келуі мүмкін, ал жұмыс жасайтын - қарапайым халық.
Кезінде қанша азаматтар ауылдың жағдайы төмен болғасын қалаға көшіп кетті, үйсіз-күйсіз ағайын туыстан алыстап сыртта жүр. Тек жер кодексін түсіндіру емес, біздің азаматтарды оқыту, үйрету, жұмылдыру, арзан несие беру, технологиялармен қамтамасыз ету, жерді жеңілдіктермен беру. Сол кезде ғана өзіміздің азаматтар ауылға барып жұмыс жасайды, өз ақшасын, өз еңбегін жерге жұмсайды. Ондай жағдай жасалса, ауылдың экономикасы дамыса жастарымыз да ауылға қайтар еді.

КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫН НЕГЕ ҚОЛДАЙМЫН
Азаматтардың наразылық білдіргенін ескеріп, мораторий жариялағаны өте дұрыс шешім болды. Қарсы пікір, сын айтқандарды ол үшін саяси қарсылас көрудің жөні жоқ. Патриот болу дегеніміз тек басшыларды мақтау емес - ащы болса да шындығын айтып, кемшіліктерді жою үшін өз ұсынысын беру болып табылады. Барлық жердің жанашырлары тек сын пікірін емес, нақты ұсыныстарын да айтсын, ортаға салайық, мамандарды тындайық, бір шешімге келейік.

Бұл комиссия бізге осындай мүмкіндік береді.

Тек жер кодексін емес, бірнеше заңды өзгерту керек.

Соның ішінде бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелер бар. Мысалы кезінде жер үлестерін ала алмай қалған азаматтардың құқықтары. Олардың арасында әлеуметтік салада қызмет атқаратын біраз азаматтар жер үлесін алған жоқ. Басқалар сияқты олардың да жерді тегін жалға алу мүмкіншілік беруіміз керек. Әрине жерде жұмыс жасау талабын орындаса ғана, болмаса қайтару керек. Ауылдың инфрақұрылымын дамыту, мектептерінің деңгейін көтеру, медициналық қызметті күшейту.

КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ АТҚАРАДЫ?
Комиссия бірінші күннен бастап жұмысын ашық түрде өткізгені ұнады. Әр мүшесі өз пікірін айтуға мүмкіншілігі болды. Еш шектеу болған жоқ. Көбісі жерді шетелдіктерге сатуға қарсы екендерін және жалға беруге қарсы екенін ескеріп алаңдататынын жеткізді.
Комиссияның екінші отырысында жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында төрт топқа бөліндік. Біріншісі құқықтық - заң өзгерту. Екіншісі - экономикалық қажеттіліктер. Үшіншісі - жер бойынша шешім қабылдауда ашықтық жариялылық жайлы. Төртінші топ қоғаммен байланыс және комиссия жұмысы жайлы қоғамды хабардар ету. Ол топты маған басқаруға ұсынды. Өзім сын ескертпелер, ұсыныстар айта отырып, жауапты қоғамдық жұмыстан басымды алып қашуды жөн көрмедім.

ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ?
Сәрсенбі күні бірінші отырысымызды жоспарладық.
Алдағы уақыттағы топтағы жұмысымызды келісуіміз керек.
Әріптестерімді уақытты тиімді пайдалану мақсатында алдын ала ұсыныстарды жолдауды сұрап хат жаздым.

ТОБЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ:
- жан-жақты пікірлерді зерттеу үшін қоғамдағы әр түрлі топтармен, жергілікті жерлердегі комиссиялармен, БАҚ өкілдерімен, ұсыныс жасаймын деген жеке азаматтармен, мамандармен кездесу;
- комиссия жұмысы жайлы қоғамды хабардар ету;
- мемлекеттік органдардан, Парламенттен қажетті ақпараттарды алдырып көпшілікке жеткізу;
- қоғаммен кері байланыс орнату;
- келіп түскен ұсыныс пікірлерді зерттеп, топтастырып комиссия қарауына ұсыну;
- тағы басқа (ұсыныс толықтырулар жасауға болдады).

ТОП ҚЫЗМЕТІНЕ ҰСЫНЫСТАР БЕРІҢІЗДЕР
Осыған байланысты келесі мәселелер бойынша ұсыныстарды жолдауды сұраймын:
1. Қалай, қайда және кімдермен кездесулер ұйымдастырамыз
2. Қандай әдістермен қоғамды комиссия жұмысы жайлы хабардар етеміз
3. Министрліктер және Парламенттен қосымша қандай ақпараттар алдыру керек
4. Қоғаммен кері байланысты қандай әдістермен орнатамыз (хаттарға жауап, интернет арқылы, азаматтарды қоғамдық қабылдаулар, БАҚ-тарға ақпарат беру т.б.)
5. Кім және қалай келіп түскен ұсыныс пікірлерді жинақтап, сараптамадан өткізіп, топтастырады
6. Комиссия отырыстарының арасында топ жұмысын қалай ұйымдастырамыз (Астанада кездесу, дистанциялық түрде, сырттай "заочно")
7. Топ мүшелері өз ұсыныс пікірлерін қалай ортаға салады және оларды қашан, қандай түрде талқылаймыз, және қалай шешім шығарамыз (көпшілік дауыспен немесе тек барлығы қолдаған жағдайда)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

Бұл ақпаратты неге жазып отырмын.

Бірінші мақсат - ойларымызды ортаға салу.

Екіншісі - сіздермен ақылдасып жасау. Үшінші көмектесемін деген белсенділер болса, бірге атқарсақ шын алғысымды айтар едім. Себебі өзімнің негізгі жұмыстарым бар. Жастар үшін "Серпін-2050" жобасы көп уақытты алады. Барлығына үлгеру қиындау.

Елімізде жерге қатысты туындаған күрделі қоғамдық жағдай, бұрын байқалмаған азаматтық белсенділік - заңды құбылыс. Одан еш қорқудың қажеті жоқ. Заман және уақыт талабы. Мұнай қымбат кезінде елімізге қаржы молынан келді, сол байлықтан мемлекет көптеген проблемаларды өзі шешті. Аазаматтарға кәсіпкерлік әрекет жасау аса қажет болмады. Енді ол қаржылар азайды. Алдағы уақытта шикізаттан тауелдігімізден айырылуымыз керек. Кіші орта бизнесті дамыту арқылы ғана кажетті көлемде жұмыс орындарын аша аламыз. Олардың өнімдері және қызметтері бәсекелестікке төтеп бере алмаса ешкімді қызықтырмайды. Сол себептен азаматтардың қаржылық, құқықтық, қоғамдық салаларда белсенді болғанын қажет етеді. Онсыз отандық экономика әлемдік нарықта жетістікке жете алмайды. Бірақ осы жағдайды билік те, қоғам да дұрыс түсініп, дұрыс пайдалануы керек.
"Менің сөзім өтті, мораторий жарияланды, сонымен болды" деген қате түсінік. Жерді шетелдікке бермеу талабы орындалса да, ауыл шаруашылығы дамымай, экономика жақсармай - проблемалар азаймайды. Ондай болса әлеуметтік мәселелер шиеленісіп, қайта дау-дамайға ұшырамаумызға кім кепілдік береді?

Сол себептен құр эмоция денгейінде қалдырмай, сабырлық танытып, салмақты және нақты шешімдерді ұсынайық.
Комиссия құрылуы, ашық түрде қызмет атқаруы - ол үлкен жетістік және мүмкіншілік - соны еліміздің жарқын болашағы үшін тиімді пайдаланайық.

Барлық мәселелер бойынша ұсыныстарды арнайы тіркелген zherkomissiya@gmail.com поштасына жолдауларыңызды сұраймын.

Менің жеке поштам muratabenov@gmail.com

Құрметпен Жер реформасы бойынша республикалық комиссия мүшесі,
"Серпін" білім беру ұйымдарының
Ұлттық Қауымдастығының төрағасы Мұрат Әбенов




Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады