07 тамыз 2014 10:33

Эбола безгегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Либерияда Эбола безгегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды BBC


Либерияда Эбола безгегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды BBC

Либерия президенті Элен Джонсон-Серлиф елде Эбола безгегі вирусының таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Телеарнадан мәлімдеме жасаған ол кейбір азаматтық еркіндіктерді іске асырудың 90 күн мерзімге тоқтатылатынын айтты.

Эбола безгегі Гвинея, Сьерра-Леоне, Нигерия елдерін де шарпыды, аурудан 930-дан астам адам қайтыс болды. Бүгінде Эбола безгегіне қарсы вакцина табылмай тұр.

АҚШ президенті Барак Обама вирустың халықаралық деңгейде таралу қаупі жөнінде түсінік бере отырып, вирусқа қарсы жаңа дәрі-дәрмектерді тәжірибеден өткізуге ерте екенін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде індетті зерттеуші ғалымдардың шешімін күткен жөн. Дамыған елдер аурудан айтарлықтай зардап шеккен елдердің денсаулық сақтау саласын жетілдіруге атсалыса отырып, вирусқа қарсы күреске өз үлесін қоса алады.

Gazeta.ru порталының мәліметінше, инфекцияны Батыс Африка аумағынан шығармай ұстап тұруға күш салынғанымен, ауру АҚШ-қа жетті. Ресейде бұл безгектен екі адам қайтыс болды. Эбола қанды безгегі осылайша әлемді алаңдата бастады, ол - аса жұқпалы әрі өте қауіпті ауру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети