28 тамыз 2014 21:18

НАТО: Донбаста Ресейдің мыңнан астам жауынгері соғысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©112.ua ©112.ua

Донбаста Ресейдің мыңнан астам жауынгері халық жасағы жағында соғысып жатыр. Бейсенбі күні бұл туралы НАТО Біріккен күштерінің Еуропадағы штаб-пәтерінде НАТО әскери офицері мәлімдеді, - деп хабарлайды УНИАН.


Донбаста Ресейдің мыңнан астам жауынгері халық жасағы жағында соғысып жатыр. Бейсенбі күні бұл туралы НАТО Біріккен күштерінің Еуропадағы штаб-пәтерінде НАТО әскери офицері мәлімдеді, - деп хабарлайды УНИАН.

"Украинада соғысып жатқан ресейлік әскерилердің белсенді әрекеті туралы хабарлар тамыздың ортасынан бері бар. Біз, бүгінгі мәлімет бойынша, Украинада Ресейдің мыңнан астам жауынгері бар деп бағалап отырмыз. Олар украин армиясымен соғысып, сепаратистерді қолдайды", - деді альянс өкілі.

НАТО әскери офицері Ресейдің Украинаның оңтүстік-шығысына жеткізілетін қару-жарақ пен әскери техниканың көлемін ұлғайтқанын айтты. "Егер бұрын біз ескі Т-64-терді көретін болсақ, қазір Т-72 танкілері жүр", - деді ол. Украина аумағында ресейлік әскери техникалардың жүргенін дәлелдейтін айғақтардың бірі ретінде офицер спутниктер түсірген суреттерді көрсетті:

Офицердің айтуынша, Ресей "халықаралық заңдарды сыйламайтын, өшпенді, ахуалды төтенше жағдайда тұрақсыздандыратын" жаңа стратегияны іске асыра бастады. Ол үш бөлшектен тұрады: бүлдіргіш әрекет, қорқыту және дәстүрлі ұрыс әрекеттері.

Бүлдіргіш әрекет деп ол әскери және бейәскери қызметті айтты. "Ресей сепаратистерге қару беріп, арнайы күштерді Украинаның шығысындағы тұрғындарды оқытуға, оларға үгіт жүргізуге бағыттап отыр", - деді ол.

Қорқыту деп саяси-экономикалық қысымды айтты. "Украинаға арналған газ бағасының қымбаттатылғанын еске саламын. Біз украин шекарасы маңында әскери жаттығулардың жүргізілгенін көреміз, Украинаның шекарасында ондаған мың әскери тұр. Бүлдіру әрекеті мен тежеп ұстау әрекеті аумақты басып алу немесе әдеттегі әскери араласулар үшін қолданылып отыр", - деді ол.

Халық жасағы өкілдерінің өзі Ресей әскерилерінің Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжалға қатысып жатқанын жоққа шығармайды. Донецк халықтық республикасы жетекшілерінің бірі Александр Захарченко жуырда халық жасақшыларымен бірге Ресейден келген еріктілердің және осы мақсат үшін әдейі демалыс алып келген кәсіби әскерилердің бар екенін мәлімдеді. Оның сұхбаты ресейлік мемлекеттік телеарнадан көрсетілді. Захарченко ресейліктердің көмегінсіз украин әскеріне қарсы тұру өте қиын болатынын мойындады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сәрсенбі күні Украинаға Ресей қару-жарағы мен әскери техникасының жеткізіліп жатқаны туралы НАТО-ның мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын айтты. "Бұл жаңа мәлімдеме емес, мәлімдеме жиі жасалады, Ресей бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын айтып, мәлімдемелерді тұрақты түрде жоққа шығаруды қайталай береді", - деп келтіреді оның сөзін РИА Новости.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети