28 қазан 2014 17:35

Украина НАТО құрамына кірмеуді ұйғарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. ©REUTERS НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. ©REUTERS

Украина НАТО құрамына кіруге өтініш бермеуді шешті, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Брюссельдегі конференцияда ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.


Украина НАТО құрамына кіруге өтініш бермеуді шешті, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Брюссельдегі конференцияда ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы себепті Украинаның НАТО-ға мүшелік ету мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. "Бухарестегі саммитте біз Украина мен Грузия НАТО мүшесі болатынын мәлімдегіміз келді. Содан бері Украина өтініш бермеуді шешті, бұл күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді Столтенберг. Ол "ұйымның ашық есік саясатын қолдайтынын" айтты. "Әр ел мүшелікке өтініш беруді өзі шешуі керек", - деді бас хатшы. 

Айта кетейік, қыркүйек айының аяғында Украина Сыртқы істер министрлігінің спикері Евгений Перебийнис елдің 2014 жылы қарашада НАТО құрамынан тыс ерекше мәртебе алуы мүмкін екенін мәлімдеген. "Қазір АҚШ-та - сайлауалды кезең, сондықтан жақын уақытта сенат отырысында (НАТО-дан тыс ерекше мәртебелі серіктес - Авт.) бұл шешім қабылданбайды. Бірақ мұндай қарарды сенат қараша айында толықтай қабылдауы мүмкін", - деді ол. Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко НАТО елдерімен әрекеттестікті жоғарылату үшін АҚШ-тан ерекше қауіпсіздік мәртебесін беруді сұраған болатын. Сондай-ақ ол Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді сұраған. Кейіннен ол Украина АҚШ-тың НАТО-дан тыс арнайы одақтасы мәртебесін алмағанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети