17 маусым 2014 20:02

Украинада газ құбырында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Украинаның Полтава облысындағы Лохвица ауданында газ құбыры жарылды, - деп хабарлайды РБК. Төтенше оқиға Астана уақыты бойынша сағат 16.45 шамасында Уренгой - Помары - Ужгород магистралінде болған.


Украинаның Полтава облысындағы Лохвица ауданында газ құбыры жарылды, - деп хабарлайды РБК. Төтенше оқиға Астана уақыты бойынша сағат 16.45 шамасында Уренгой - Помары - Ужгород магистралінде болған.

Украина Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Пестечевское елді мекені маңындағы алқап өртене бастаған. "Жалынның биіктігі 50-100 метрге жетті, радиусы - 200-300 метр, жоғары температураның әсері бір шақырымға дейін жетеді. Қазір оқиға орнында барлық қызметтер жұмыс істеп жатыр, облыс жетекшілері оқиға орнына аттанды. Газ жеткізуді тоқтату жөнінде шаралар қолға алынып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі. РИА Новости-дің хабарлауынша, Украина Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыстың алдын ала себебі ретінде құбыр герметизациясының жойылуын айтып отыр.

Зақым келген арналы құбыр Батыс Сібірдің солтүстігіндегі кен орындарын Батыс Украинадағы Ужгородпен жалғайды. Бұл құбыр арқылы Орталық және Батыс Еуропа тұтынушыларына отын жеткізіледі. "Газпром" мен "Укртрансгаз" басқаратын арналы құбыр Сумы қаласының солтүстігінен орыс-украин шекарасын кесіп жатыр. Оқиға Украина Ресей газын жеткізуді тоқтатуға дайындалып жатқан кезде болып отыр. Еске салайық, мұның алдында Украина премьер-министрі Арсений Яценюк тиісті тапсырма берген болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети