Өлмесов Мүсірәлі

  • Фото ветерана: Өлмесов Мүсірәлі
    Өлмесов Мүсірәлі
  • Фото ветерана: Өлмесов Мүсірәлі
  • Фото ветерана: Өлмесов Мүсірәлі
  • Фото ветерана: Өлмесов Мүсірәлі
  • Фото ветерана: Өлмесов Мүсірәлі
  • Фото ветерана: Өлмесов Мүсірәлі
    Фото ветерана: Өлмесов МүсірәліФото ветерана: Өлмесов МүсірәліФото ветерана: Өлмесов МүсірәліФото ветерана: Өлмесов МүсірәліФото ветерана: Өлмесов МүсірәліФото ветерана: Өлмесов Мүсірәлі

Мүсірәлі Өлмесов 1918 жылы Шымкент облысының Қошқар ата ауылдық кеңесіне қарайтын Бесабдал ауылында қарапайым шаруа отбасында туған. Ауыл мектебінде бастауыш білім алған. Жастайынан шаруашылық жұмыстарға араласқан. Қошқар ата ауылдық кеңесінің хатшысы болып қызмет еткен.

Сарыағаш аудандық әскери комиссариатының шақыруымен 1941 жылы қарашада соғысқа аттанған. Ақтөбе қаласында әскери дайындықтан өткен соң станок пулемет есептеу командирі болып Беларусь майданының 134-дивизиясының 515-полкі құрамында алғашқы ұрысқа кірген. Беларусь жеріндегі көптеген қала мен елді мекенді фашизимнің қанды құрсауынан азат етуде батылдық пен өжеттік танытып, "За отвагу" медалімен, "Красная звезда" және "Отечественная война" ордендерімен наградталған.

1943 жылы кіші командирлер дайындайтын курсты тәмамдап, қайта соғысқа кірген. Сол 1943 жылы ауыр жарақат алып, әскери қызметке жарамсыз деп елге қайтарылған. Елге қайтып келген соң ауыл шаруашылығында еңбек еткен. Бейбіт еңбегі үшін бірнеше дүркін КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысқан және "Трудового красного знамени" орденімен наградталған. 2008 жылғы 28 тамызда 91-ге қараған жасында дүниеден өтті.

1-суретте 1987 жылғы жүгері отау кезі, 2-суретте 1989 жыл, 3-суретте 1987 жылдың жазы, жұбайы Базаркүл апамен бірге

Нравится