Астанада әскери шеруге дайындықтарға байланысты көлік қозғалысы уақытша өзгереді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада әскери шеруге дайындық кезінде көшелер уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада әскери шеруге дайындық кезінде көшелер уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ауқымды дайындық басталды. Осыған байланысты 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіледі.

3 мамырда таңғы сағат 5:00-ден 6:30-ға дейін А-334 көшесі бойынша – Ақжол даңғылы - Қошқарбаев даңғылы - Момышұлы даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы арқылы әскери техника өтеді. Әскери техникалар жаттығу орнына қарай бағыт алады.

Осыдан кейін бірден сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 көшесі бойынша – Ақжол - Қошқарбаев - Аманжолов - Нәжімеденов бағыты арқылы парадтық жеке құрамды тасымалдау басталады.

Қосымша, сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлы даңғылынан Панфилов көшесіне дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналасады.

Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы тұрақ жабылады, сондай-ақ Қуанышбаев, Нәжімеденов, Байтұрсынов және Нұрмағанбетов көшелерінде жеке құрамы бар автобустарды орналастыру үшін жол қозғалысы шектеліп, тұрақ орындары жабылады.

Сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін техника мен автобустар Нұрмағанбетов - Қошқарбаев - Ақжол - А-334 бағыты арқылы орналасу пунктіне қайтады.

4 мамырда да қозғалыс жоспары осыған ұқсас болады: таңертеңнен бастап әскери техниканың қозғалысы және шеруге қатысушыларды тасымалдау, 5:00-ден 14:00-ге дейін – 3 мамыр күні жабылған көшелерге шектеу енгізіледі, 12:30-дан 14:00-ге дейін – көрсетілген маршрут бойынша техникалар легі қайтарылады.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін.

"Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл күндері (3, 4, 7 мамыр) келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer