Ташимов Махамбет

  • Фото ветерана: Ташимов Махамбет
    Ташимов Махамбет

Махамбет Ташимов родился в 1924 году в селе Солотобе (Солотюбе) Сырдарьинского района Кызылординской области. До войны он учился в родном ауле в школе. В 1942 году он был призван в ряды Вооруженных сил. По направлению военкомата учился на артиллерийских курсах. После шестимесячного обучения он был направлен на 4-й Украинский фронт, участвовал в сражениях в составе 948-го стрелкового полка 257-й стрелковой дивизии наводчиком 45-миллиметровой пушки.

Махамбет Ташимов принимал участие в боях за Ворошиловград, Сиваш, Севастополь, Прибалтику и Польшу. За военные заслуги был награжден орденами Отечественной войны II степени и Красной Звезды, медалями.

Он был дважды награжден медалью "За отвагу". В январе 1944 года во время боя на Крымском полуострове он получил награду за уничтожение 7 пулеметных точек и 3 подземных мест управления боем. В апреле 1944 года он был награжден медалью за уничтожение по прямой наводке двух пулеметов и до 15 вражеских солдатов и офицера.

В 1945 году Махамбет Ташимов был демобилизован после ранения в ногу в связи с инвалидностью второй группы. Вернувшись из армии, он работал в Сырдарьинском районном комитете комсомола. В 1950 году он стал директором дома пионеров, в 1956 году - директором Солотюбинского технического училища. В 1957 году его перевели на работу во вновь организованный каракулеводческий совхоз имени 1 Мая, где он трудился мастером стригального агрегата.

С 1976 по 1988 год до выхода на пенсию Махамбет Ташимов работал заведующим почтового отделения в совхозе имени 1 Мая. На пенсии участвовал в мероприятиях по воспитанию молодого поколения, организовал в местной школе кружок планеристов, обучал школьников сборке летательных аппаратов, участвовал в республиканских и союзных соревнованиях. Скончался ветеран 22 ноября 1998 года.

 

Махамбет Тәшімов 1924 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарайтын қазіргі Мұстафа Шоқай ауылында Тәшім мен Тәжігүлдің отбасында дүниеге келді. Олар үй болғаннан бері біраз уақыт өтсе де бала сүйе алмай, құдайдан бір шарана сұраумен келе жатқан еді. Бар ағайынның да құдайдан тілеген тілегі Тәшім мен Тәжігүлге бір ұрпақ берсе деген. Тәжігүл әжеміздің шешесі дария жағалап жүріп құдайға "Е Алла, менің алты ұлымды алсаң да, Тәжігүліме бір бала бере көр" деп жалбарынады екен. Алланың рахымына бөленген отбасы дүниеге жаңа келген балаларының атын Нұрмұхаммед деп атаған, кейін жеңгелері атын бұрып атап, содан ел аузында Махамбет болып аталып кеткен.

Ешкім бетінен қақпай, құдайдан сұрап алған ерке бала болып өссе де, өмірден дұрыс тәрбие алып, ең алдымен адамгершілік, еңбекқорлық, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді бойына сіңіріп өсті. Білім нәрімен сусындап, мектеп партасында отырғанда сұм соғыс басталып, 1942 жылы тамыз айында әскер қатарына шақырылады. Жас солдатты әскери комиссариат Ташкент қаласына Артиллерия училищесіне оқуға жібереді. Училищеде алты ай оқып артиллерист мамандығын меңгеріп, майданға аттанады. Соғысқа 4 Украйн майданының 257 атқыштар дивизиясының, 948 атқыштар полкіне 45 мм зеңбіректің көздеушісі болып кіреді. Жастайынан сүйегіне сіңген еңбекқорлығы, отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында майдан шебінде де алдыңғы қатардан орын алды. Мектепте математика пәнін сүйіп оқитыны бұл жерде үлкен көмегін тигізіп, зеңбіректі атуға дайындау, оны нысанаға дәлдеуде керек болды.

"Соғыс деген көзсіз ерлік емес, жеңіс ақылмен, біліктілікпен, терең біліммен келеді", - деп айтып отыратын әкеміз. Соғыстың қауіпті, қатерлі, ауыр жолдарымен жүріп өтіп, Ворошиловград, Севаш, Севастополь қалаларын, Прибалтиканы, Польшаны азат ету ұрыстарына қатысып, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Сол шайқастарда бірнеше рет жарақаттанды. Соғыста көрсеткен ерліктерінің нәтижесінде әскери атағы қатардағы жауынгерден аға сержант дәрежесіне дейін өсті, Екінші дәрежелі Ұлы Отан Соғысы, Қызыл ту ордендерімен, медальдармен марапатталды.

1945 жылы бір қол мен бір аяғынан ауыр жарақаттанып, әскери госпитальда ұзақ емделеді, 1945 жылдың аяғында екінші топтағы соғыс мүгедегі ретінде туған елге аман-есен оралады. Махамбет әкеміздің соғыста алған наградалары көп еді, біздің қазақтың самарқаулық әдеті ғой, сол алған орден, медальдарінің тиісті құжаттары сақталмаған, жоғалып кеткен. Кейін интернет арқылы іздеу салғанда 1944 жылы берілген екі медалінің ғана құжаттары табылды.

1944 жылғы 27 қаңтардағы Қырым түбегіндегі ұрыста жаудың 7 пулемет нүктесі мен 3 жер астынлағы ұрыс басқару орнын жойғаны үшін 4 Украин майданынына қарасты 257 атқыштар дивизиясы 948 полкінің зеңбірек көздеушісі Махамбет Ташимов "Ерлігі ұшін" медалімен марапатталды. 257 атқыштар дивизиясы 948 полкі командирінің 1944 жылдың 20 сәуіріндегі №3/Н бұйрығымен Қырым түбегіндегі неміс басқыншыларының қорғанысын бұзудағы ұрыста зеңбірекпен тікелей атып, жаудың екі станок пулеметін жуаынгерлерімен және 15 жау солдаттарымен офицерлерін жойғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Елге оралғаннан кейін бейбіт еңбекке араласып, соғыстан зардап шеккен ел экономикасын көтеру жолында аянбай еңбек етті. 1946 жылы Қызылорда облысы Сырдария аудандық комсомол комитетіне қызметке орналасады, жұмыстан қол үзбей жүріп, кешкі мектепте оқып, орта білім алып шығады. 1950 жылы аудандық партия комитетінің жолдамасымен Сырдария аудандық пионер үйінің директорлығы қызметіне тағайындалады. Пионер үйінің директоры болып қызмет атқарған кезінде мектеп оқушылары үшін түрлі үйірмелердің, кружоктардың сапалы жұмыс атқаруын ұйымдастырып, жас ұрпақты творчестволықпен жұмыс атқаруға баулудың негізін қалады.

Өзі директор бола жүріп "Жас техниктер" үйірмесін жүргізді, оның басшылығымен жасалған Паровоз, Теңіз кемесі, Ұшу аппараттары модельдері облыстық жарыстарға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. 1956 жылы Сұлутөбе қыстағындағы жаңадан құрылған техникалық училищеге директор болып ауыстырылады. 1957 жылы жаңадан құрылған 1 Май атындағы совхозға қой қырқатын агрегаттың бастығы болып тағайындалады, 1958 жылы екінші тың қой шаруашылығын өркендетуге тікелей үлесін қосу мақсатында сол совхозда шопандық жұмысқа ауысады. Әкеміз Тәшімов Махамбет техника тілін жақсы білетін, техниканың жұмыс жағдайын жүрегімен түсіне білетін еді десек қателеспейміз, мұны әкемізді білетін әр адам қоштайтыны анық. Совхоз басшылары әкеміздің техникаға жетіктігін білгендіктен 1962 жылы қайтадан қой қырқатын агрегат басшылығына ауыстырады, өйткені қой шаруашығындағы ең жауапты жұмыс қой қырқу болып табылатын. Әкеміз осы жауапты жұмысты 1976 жылға дейін атқарып, 1976 жылы 1 Май ауылындағы почта бөлімшесінің бастығы қызметіне ауысады. Бұл қызметті 1988 жылға дейін абыроймен атқарып, еңбек демалысына шығады.

Еңбек демалысына шыққаннан кейін Қызылорда қаласына көшіп келеді. Зейнетке шыққанмен, үйде босқа отырғанша жас ұрпаққа білгенін үйрету мақсатымен қаладағы 1 Май мектебінде "Ұшу аппараттары моделін құрастыру" үйірмесін құрып, оқушыларды ұшу аппараттарының макеттерін жасау ісіне үйретеді. Ол кісінің басшылығымен жасалған ұшу аппараттары облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындар алады. Бір жасаған ұшу аппаратының моделі Самара қаласында өткен Бүкілодақтық жарысқа қатысып, екінші жүлде алды. 1988 жылы Қырым түбегіне демалуға барғанда соғыс кезінде болған жерлерін аралап, сол жерде әскер қатарында қызмет етіп жатқан ұлы Абайдың әскери бөлімінде болып жауынгерлермен кездесті, оларға соғыс кезіндегі өмірінен хабар берді.

Әкеміздің еңбек майданында атқарған еңбектері де жоғары органдар тарапынан лайықты бағасын алды, жоғары органдардың мақтау грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен әлденеше рет марапатталды. Әкеміз өте елгезек, еңбекқор, тыным тауып отыра алмайтын адам еді. 1 Май аулында тұрғанда есігінің алдында жарты гектардай жерді қоршалап, күтіп, баптап неше түрлі жеміс ағаштарын екті. Есігінің алдындағы өзі терін төгіп өсірген ағаштардың жемісін базарға апарып сатпайтын, көрші-көлем, ағайын туыстарға беретін, ешқайсысынан сен осынша бер деп сұрамайтын. "Кең болсаң, кем болмайсыңдар, балаларым" деп кеңпейілділік танытатын. Әкеміз аң, балық аулауды ұнататын. Қолы сәл босаған уақытта аң аулаумен, я болмаса балық аулаумен айналысатын. Аң аулағанда мылтықпен аң атқаннан қақпан құрумен көбірек айналысатын. Аңды қуып мылтықпен ату дұрыс емес, қақпан құру керек, өйткені қақпанға құдайдың бұйыртқаны түседі деп үнемі айтып отыратын.

Әкем анамыз Күлпаш екеуі 1947 жылы бас қосқан. Анамыз Күлпаш Жаппас руының Сумұрын аталығынан Іскендір деген кісінің қызы, қазіргі Қоғалыкөл ауылының тумасы. Анамыз әкем екеуі 52 жыл отасты, айналасындағы туыстарға, көрші - көлемге сыйлы, абыройлы болды, ауылға үлгілі отбасы болды.Әкеміз бен анамыз төрт ұл, бес қыз тәрбиелеп өсірді. Балаларының бәрін отау қылып, қызығын көрді. Әкеміз Тәшімов Махамбет 1998 жылы 22 қарашада, анамыз Іскендірова Күлпаш 2008 жылы 3 наурызда дүниеден озды.

Нравится