Сулеймен Абылов родился в 1906 году в селе Акжар Кармакчинского района в Кызылординской области. С 15 лет работал в родном ауле на разных работах, вносил свой вклад в развитие колхозного производства.
В 1941 году он был призван в ряды Вооруженных сил, участвовал в боях за родину. В 1943 году был ранен и в связи с инвалидностью второй группы демобилизован. После возвращения с войны, он трудился в родном ауле на сельскохозяйственных работах. В 1966 году вышел на пенсию, скончался в 1970 году. За боевые заслуги он был награжден медалями.
1906 жылы қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылында туылған. Он бес жасынан бастап туған ауылында түрлі жұмыстар атқарып, ауылдастарымен бірге өмірдің қиындықтары мен ауырлықтарын бөлісе көтерді. 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1943 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс кезіндегі көрсеткен ерлігі үшін "Ерлігі үшін" медалімен мадақталған.
1943 жылы екінші топтағы соғыс мүгедектігіне байланысты әскер қатарынан босатылып, туған ауылына қайтып келді. Өмірінің соңына дейін туған ауылында әртүрлі жұмыстар атқарды. Қай салада жұмыс атқарса да, тапсырылған жұмысты адал, тиянақты атқарып, ауыл экономикасын нығайтуға лайықты үлесін қосты. Өзінің еңбекқорлығы, адалдығы, жоғары адамгершілік қасиеті, қонақжайлығы, ағайынға жағымды мінездерінің арқасында ауылдастарының арасында беделді болды. Үш бала тәрбилеп өсірді. Балалары халық шаруашылығының түрлі салаларында абыройлы еңбек етіп жатыр. Немерелері де ата дәстүрін жалғастырып, отанына адал қызмет жасау турасындағы ата аманатына адал болу мақсатында еңбек етуде.