Әбу (Әбурайля) Смағұлұлы

  • Фото ветерана: Әбу (Әбурайля) Смағұлұлы
    Әбу (Әбурайля) Смағұлұлы
  • Фото ветерана: Әбу (Әбурайля) Смағұлұлы
  • Фото ветерана: Әбу (Әбурайля) Смағұлұлы
    Фото ветерана: Әбу (Әбурайля) СмағұлұлыФото ветерана: Әбу (Әбурайля) СмағұлұлыФото ветерана: Әбу (Әбурайля) Смағұлұлы

Әбу (Әбурайля) Смағұлұлы 1905 жылы Ақмола уезі Қызылтопырақ аймағының № 9 ауылында дүниеге келген. Бір ғасырға таяу өмір сүріп, көпті көрген көнекөз қариялардың бірі. Өмірінің 70 жылдан артығын Павлодар облысында өткізді.

1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Австрия, Венгрия, Беларусь, Чехословакия, Молдавия, ІІ Украина майданында, Забайкалье майданында, Жапония соғыстарына қатысқан. Ұлы Отан соғысының 30, 40, 50 жылдық, "Жауынгерлік epлiгi үшін", Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен және басқа да көптеген медальмен марапатталған.

Үлкен жанұя иесі. Тоғыз перзент өсіріп, жұбайы Смағұлова Шайзат Ғабды-Кәрім қызы екеуі ұлдарды ұяға, қыздарын қияға қондырды. Көзі тірісінде 27 немере, 4 шөбере сүйіп, қазіргі таңда өлмейтұғын артында із қалдырған парасатты қарияның үрім-бұтақтары ел қатарлы еңбек етіп, өсіп, өркендеп жатыр.

Қызы Смағұлова М.А.

 

Нравится