Ұлы Жеңіс! Адамзат өмірін ұлы қайғыдан, адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы соғыс деген азаптан құтқарған Жеңіс - бұл! Міне биыл Ұлы Жеңіске - 75 жыл. Осы Жеңіс жолында от кешіп, ерлігімен танылған адамдарды әркез есте сақтау - парыз. Ұлы отан соғысы - адам баласының адамдық қасиетке жатпайтын өзімшілдігі, аярлығы, зымиян ойы мен озбырлығынан басталды. Қаншама адам жақындарынан айырылды? Соғыс жылдары қаншама туған жерден жырақ жүріп, қаншасы жат жерде жерленді? Міне солардың ішінде менің нағашы атам - Құрманбаев Мұса Құрманбайұлының да ерлігі бар. Мен атамның ерлігі жайында айтамын. Атамның мінезі тік, қайсар, ержүрек болған. Елім деп, жерім деп соққан атамның ерлігін мақтан тұтамын.
Тарих көші үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі - әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиеті. Замандастар, еңбек және соғыс ардагерлеріне тағзым етейік. Олардың ерліктерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Қызылорда қаласы 7-мектеп-лицейінің 1 "А" сынып оқушысы Жарқынбек Арнұр
Сынып жетекшісі: Төлепбаева Гүлмира