Дүйсекенов Ақаш - 1924 жылы 1 сәуірде ШҚО Үржар ауданы Науалы ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан үшін болған сұрапыл соғыста 90-шы гвардияның атқыштар дивизиясында соғысты. Курск шайқасына қатысып, ерліктер көрсете білді. Ерен ерліктері мен майдандағы батырлығы лайықты бағаланып, түрлі ордендер мен медальдарды иеленген.
Соғыстан кейін туған жерге оралып, Үржар ауданының өсіп-өркендеуіне қажыр-қайратымен өз үлесін қосып, көп жылдар колхозда еңбек еткен. Ардақты әке ретінде ұлағатты балалар тәрбиелеп өсірген.