Астанада бүлдіршіндердің қауіпсіздігі қатаң бақылауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бүлдіршіндердің қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Елордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Елордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық акция өткізді.

"Акция аясында жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен бірлесіп пәтерлерге арнайы терезе қауіпсіздік бекіткіштері орнатылады. Мұндай қауіпсіздік құрылғылары – жазатайым оқиғаның алдын алып, балалардың өмірін сақтаудың қарапайым әрі ең тиімді тәсілдерінің бірі деп есептейміз", – деді Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері, Азаматтық қорғау аға лейтенанты Әли Арғынбаев.

Еске сала кетейік, елордада балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және еріктілердің бірлескен күшімен әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың пәтерлеріне терезе бекіткіштері орнатылып, тұрғындар арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана әкімдігі ұсынған материал
Читайте также

Валюта бағамы

 479.98   545.53   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +19
Ақтау +21
Ақтөбе +14
Атырау +18
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +23
П
Павлодар +16
Петропавл +25
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +26
Түркістан +17
О
Орал +20
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер