Астанада "Таза Қазақстан" акциясына "Жасыл елдің" 80-нен астам сарбазы қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Таза Қазақстан" акциясына "Жасыл елдің" 80-нен астам сарбазы қатысты

Астанада Махатма Ганди ескерткіші маңында Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Қаланың қоғамдық кеңістіктерінің бірін абаттандыру жұмысына "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының сарбаздары қатысты.

Акция аясында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, ағаштарды суарды, жасыл желектерді күтіп-баптап, абаттандыруға қатысты өзге де жұмыстарды атқарды. Мұндай іс-шаралар қаланың тазалығын сақтаумен қатар, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Байқоңыр ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрислам Батырбек акцияның Мемлекет басшысы бастамашылық еткен республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

"Бүгін экологиялық акцияға "Жасыл елдің" 80-нен астам сарбазы қатысып жатыр. Осындай іс-шаралар жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Біз жастармен бірге қоғамдық кеңістіктерді тазалап, жасыл желекті күтіп-баптап, аумақтарды абаттандыру жұмысын жүргіземіз. Мұндай акциялар қаланың тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді", – деді ол.

"Жасыл ел" қозғалысының еріктісі Айзере Сайлаудың айтуынша, мұндай бастамаларға қатысу қаланы таза ұстауға ғана емес, табиғатты қорғауды мақсат еткен пікірлес жастардың бір бөлігіне айналуға мүмкіндік береді.

"Біз бұл жерді қоқыстан тазартып, аумақты көркейтіп, Қазақстанның экологиясын сақтауға өз үлесімізді қосу үшін жиналдық. Осындай акциялар еліміздің болашағы үшін өте маңызды. "Жасыл елдің" қатарында болғанды ұнатамын. Мұнда ұйымшыл ұжым және табиғатты аялауды ортақ мақсат еткен белсенді жастар көп", – деді ол.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы туған қаланың тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын тағы бір мәрте көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, еріктілердің, жастардың және коммуналдық қызметтердің бірлескен еңбегінің арқасында елорда күн сайын көркейіп, жасыл желегі көбейіп, тұрғындар үшін жайлы қалаға айналып келеді.

Астана әкімдігі ұсынған материал
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +22
Ақтау +26
Ақтөбе +25
Атырау +21
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +23
П
Павлодар +24
Петропавл +26
С
Семей +21
Т
Талдықорған +27
Тараз +29
Түркістан +25
О
Орал +21
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер