03 шілде 2018 09:46

20 жыл ішінде Астана құрылысына қанша қаражат жұмсалғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтарды келе жатқан Астана күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтарды келе жатқан Астана күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысының басында Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетіне мерекенің келе жатқанын, Қазақстанның дамуы елорданың дамуымен тығыз байланысты екенін еске салды. 

"Мұндай тағдыршешті сәтте Астана бүгініміздің символы. Мұндай жоба Мемлекет басшымыздың бастамасының арқасында дамыды, мұның барлығы халқымыздың ғасырлардан бергі арманы", - деді үкімет басшысы. 

Сондай-ақ, үкімет басшысы Астананың қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті дамыған қала екенін айтты. 

"20 жыл ішінде қала экономикасы 97 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 5,3 триллион теңгеге жетті. 20 жыл бұрынғы инвестиция көлемі 50 есе өсті. Бюджеттік емес инвестициялар 80 пайыз болды. 20 жыл ішінде Астана құрылысында 2,3 триллион теңге жұмсалды, яғни Астананың дамуына жұмсалған мемлекет бюджеті 3 үш есе өсіп қайтты", - деді Бақытжан Сағынтаев. 

"Сонымен қатар, Астана жаһандық халықаралық шараларды өткізу орталығы. Мұның барлығы Мемлекет басшысының жемісті еңбегінің нәтижесі. Барлығымыз өз үлесімізді қосуымыз керек, барлығыңызды тағы да құттықтаймын", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети