07 тамыз 2019 09:39

Ақша айырбастауға қатысты жаңа заң нормасы қашан қабылданады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк келесі жылдан бастап ақша айырбастаған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірін жазып отыруды міндеттеуді жоспарларып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Ұлттық банк келесі жылдан бастап ақша айырбастаған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірін жазып отыруды міндеттеуді жоспарларып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Сондай-ақ, ақша айырбастаған адамға 500 мың теңгеден аса ақша айырбастауға немесе сатуға рұқсат етпейтіні айтылады. Ал валюта айырбастау орындарының жұмысын таңғы сағат 10:00-нан кешкі 19:00-не дейін шектеуді ұсынып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Республикасы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" қаулының жобасында жазылған. Ақша айырбастаған тұлғаларға қатысты ақпараттың қалай тіркелетіні 51-тармақта көрсетілген.

Телеарнаның мәліметінше, құжат 16 тамызға дейін талқыланады.

Экономистер Ұлттық банктің бұл бастамасы шикі және ел экономикасын тығырыққа тірейтінін айтады.

"Аяқ астынан бір адам валюта айырбастағысы келсе, амалын табады. Бұл жерде валюта айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын шектеу арқылы көлеңкелі бизнеске жол ашамыз. Себебі ақшаны жасырын, қолма-қол сататындардың саудасы қызады. Оған қоса, валютаны бір алғанда, сауда 500 мың теңгеден аспауы керек деген де күлкілі. Сонда құны 1500 доллардан асатын жылжымайтын мүлікті сатқандар не істемек?", - дейді  Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Арупов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети