13 ақпан 2020 10:58

Ақтөбе облысының әкімі күнін көре алмай жүргендердің желілік маркетингке ақша құятынын сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobenews.kz © aktobenews.kz

Ақтөбе өңірінің басшысы Оңдасын Оразалин баспанасыз жүрген адамдардың қарызға батып жүріп, қаржы пирамидасының құрбаны болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aktobenews.kz порталына сілтеме жасап. 


Ақтөбе өңірінің басшысы Оңдасын Оразалин баспанасыз жүрген адамдардың қарызға батып жүріп, қаржы пирамидасының құрбаны болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aktobenews.kz порталына сілтеме жасап. 

Облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде мұқтаж жандардың баспанаға қол жеткізе алмай отырып, "Голд" секілді қаржы пирамидасына ақшаларын салғанын айтты. 

"Менің алдыма пәтер сұрап келетін адамдарың көбінде банк алдындағы уақытылы өтелмеген берешектері бар. Оларға пәтер алуға алғашқы жарнасын өтеп беру масқатында қоғамдық қор ашуын ұсынамын. Себебі олар мұқтаж болғанымен пәтер жағалап, ай сайын 30 мың теңгеден пәтер иесіне төлеп жүр. Одан да оларға алғашқы жарна ретінде көмек көрсеткен дұрыс деп есептеймін", - деді облыс басшысы Оңдасын Оразалин.

Дегенмен, оның сөзінше көмектің де шегі бар. 

"Берген затты бағалау керек. Былтыр үкімет миллиардтаған соммаға әлеуметтік осал топтардың несиелерін өтеді. Ал қазір баспанаға қол жеткізе алмай жүріп, банктен несие алып, "Голд" секілді қаржы пирамидасына ақша салғандар бар", - деді өңір басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети