Әлемдегі ең бай адамдар 511 миллиард доллар жоғалтты - Bloomberg

23 Желтоқсан 2018, 17:05
0
Әлемдегі ең бай адамдар 511 миллиард доллар жоғалтты - Bloomberg - Марк Цукерберг © Эндрю Харрер/Bloomberg
Марк Цукерберг © Эндрю Харрер/Bloomberg

2018 жылы әлемнің ең бай бизнесмендерінің дәулеті 511 миллиард долларға қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметі бойынша, әлемдік сауда қатынасындағы жағдай мен АҚШ-тағы экономикалық құлдыраудың әсерінен 2018 жылдың соңында Bloomberg Billionaires Index тізіміндегі 500 ірі кәсіпкердің жағдайы 4,7 триллион долларға азайған.

Тізім басында Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос тұр. Ол бір жылда 53 миллиард долларынан айырылған. Жыл басында оның жағдайы 168 миллиард долларды құраса, жыл соңында 115 миллиард доллар болды.

Басылымның хабарлауынша, жыл басында Amazon-ның негізін қалаушысының жағдайы Марк Цукербергтен салыстырмалы түрде жақсы болған. Себебі Цукерберг компаниясына қатысты жанжалдан кейін 23 миллиард доллардан айырылған.

-173 рейтінгіндегі америкалық миллиардерлер жыл басынан капиталының 5,9 пайызынан айырылған. Олардың жалпы жағдайы 1,9 триллион долларды құрайды.

Азиялық бизнесмендердің де активтері 144 миллиард долларға азайған. Бірақ бұған қарамастан Азияда миллионерлер саны көбейе түскен. Bloomberg индексі аймақтағы 39 жаңа миллиардерлердің атын жариялаған. Алайда, олардың кейбірінің мәртебесі ұзаққа созылмаған. Желтоқсандағы жағдай бойынша, олардың 40 пайызға жуығы он таңбалы статусын жоғалтты.

Сарапшылар еуропалық миллиардерлердің активтерінің бағасы төмендегенін анықтады. Германиялық Continental AG шина өндірісінің акционері Шеффлер отбасының көрсеткіші 17 миллиардқа төмендеген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай