Алматы Азиядағы ірі қаржы орталығына айналады

02 Маусым 2014, 14:05
0
Алматы Азиядағы ірі қаржы орталығына айналады - Алматы. ©Тengrinews.kz
Алматы. ©Тengrinews.kz

Алматы Азиядағы ірі қаржы орталықтарының біріне айналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап.

"Қаржы орталықтары бәсекегеқабілеттілігінің ғаламдық индексі бар. Әлемде қаржы орталықтарының қатары бар болғаны - 83. Алматы бүгінде 58-орында, ол Мәскеуді, Варшаваны, Маниланы озып тұр. Бұл - жақсы көрсеткіш. Бірақ алғашқы жартыжүздікке ену үшін бізге үлкен жұмыс атқару керек. Міндет - Азиядағы 10 ірі қаржы орталығының тізіміне ену. Бүгінде бұл индекске сәйкес, біз 13-орындамыз. Сондықтан бұл міндет, менің ойымша, оң жамбасымызға келеді", - деді Келімбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Ол сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының қайта қаралатынын жеткізді. "Бұл құжат 2014 жылдың 1 желтоқсанында қабылдануы керек. Оны дайындау үшін барлық мемлекеттік орган, сонымен бірге, Еуропа қайта құру және даму банкінің, Азия даму банкінің, Бүкіләлемдік банктің және Ислам даму банкінің кеңесшілері жұмылдырылады", - деді ол.

Келімбетовтің айтуынша, бұл Алматы инфрақұрылымын дамытудың, бизнес-ортаны, іскерлік климатты, қаржылық инфрақұрылымды жақсартудың, Алматы өңірлік қаржы орталығы академиясы жұмысын жандандырудың, тиісті мамандарды даярлау жөніндегі жаңа оқу орталықтарын құрудың барлық мәселесі ескерілетін стратегиялық құжат болады. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай