Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Аптаның қорытынды саудасы теңгенің нығаюымен аяқталды

19 Ақпан 2016, 15:52
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 353,83-ке тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валюта таңғы сессияға қарағанда 2 теңгеге нығайып отыр.

Күндізгі сессияда алғашқы келісім 354,99 теңгемен өтті. Ең жоғары баға да осы. Ең төменгі келісім 353,1 теңгемен жасалды. Сессияда сауда көлемі 38,05 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 350-354 теңге аралығында сатып жатыр.

Еске салайық, бүгін таңғы сессияда теңгенің долларға қатысты бағамы 355,92-ге тең болған еді. Ол кезде ұлттық валюта соңғы сессияға қарағанда 6 теңгеге әлсіреді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай